Алаяқтық

Қазақстандықтарды іс жүзінде жоқ бос жұмыс орындарын ұсынып, алдауда

Instagram-да компьютерде мәтін теру арқылы көп ақша табуға болатын жарнамалар шықты. Мұндай қызметтерді «Қазақстан кітапханасына» қажет екен. Бұл өтірік.

Жарнамада назар аударарьық жайт – «Қазақстан кітапханасы» атауы. Елімізде ондай кітапхана жоқ, демек, іс жүзінде жоқ кәсіпорын қызметкерлерді қабылдай алмайды.
Видеода көзілдірік киген ақ шашты әйел мол табыс табу туралы айтады. Оның фотосуретін желіден іздеп көрсек, 2022 жылы ол өзін Лидия Ивановна деп таныстырып, күмәнді риэлторлардың қызметтерін жарнамалаған екен. Сондай-ақ Желіде «бастауыш сынып мұғалімі Наталья Петровнаның» мәтіндер теру арқылы 23 мың рубль тапқаны туралы айтқан видео тарады. Демек, ол алдын ала дайындалған мәтінді оқитын актриса болуы мүмкін.

Мәтін теріп, көп ақша табу – алаяқтардың айла-амалдарының бірі. Олар әдетте нақты жұмыс берушілерге қарағанда әлдеқайда жоғары жалақы төлеуге уәде етеді. Ал қызмет үшін ақы төлейтін кезде, олар алдымен «кепіл» ретінде аз мөлшерде ақша жіберуді сұрайды. Аударманы алғаннан кейін, алаяқтар байланысты тоқтатады. Мұндай жағдайлар туралы қазақстандық және ресейлік БАҚ-та егжей-тегжейлі жазылды.
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат – алаяқтардың ісі. Мұндай ұсыныстарға сенбеген дұрыс.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button