Талдау

Таза ірімшік өнімі ме, әлде ағзаға зиян келтіретін химия ма?

Адамдардың көбі жапсырмадағы «ірімшік өнімі» деген жазуға аса мән бермейді. Бұл таза ірімшік болмағандықтан, ол түсініксіз ингредиенттерден жасалған, құрамында қауіпті синтетикалық қоспалар болады және оны жеу денсаулыққа қауіпті. Бұл рас па? Анықтап көрейік.

Ірімшік пен ірімшік өнімінің айырмашылығы неде?

Таза ірімшік сүттен жасалады. Өндірушілер әртүрлі сұрыптарды жасау үшін сиыр, ешкі немесе басқа сүтті, әртүрлі ашытқылар мен пісіру әдістерін пайдаланады. Алайда, сүт әрдайым кез келген ірімшіктің негізгі және жалғыз ингредиенті болып табылады. Ал ірімшік өнімінде өсімдік майларын қолдануға болады. Оның құрамындағы табиғи сүт майы кем дегенде 50% құрайды. Қалғаны — өсімдік аналогтары.

Ал ірімшік өнімі неден жасалады?
Ірімшік өнімдерінде көбінесе пальма немесе кокос майлары қолданылады. Сүт майының басқа алмастырғыштары да болуы мүмкін. 

Пальма майы зиянды болса, онда ірімшік өнімдері де зиянды ма?
Бұл олай емес. Пальма майы 1990 жылдардың соңында жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша зиянды болып саналады. Ол кезде бұл өнімді қолдану жүрек-қан тамырлары ауруларына әкеледі деп есептелді. Алайда, қазіргі ғалымдардың пікірінше, сол уақытта жиналған мәліметтер мұндай қорытынды жасау үшін жеткіліксіз болды. 
Бүгінгі күні пальма майында қауіпті транс майлар жоқ екендігі дәлелденді және оны қалыпты тұтыну денсаулықтың нашарлауына немесе аурудың дамуына әкелмейді.
Демек, ірімшік өнімдеріндегі пальма майының мөлшері зиянның көрсеткіші емес.

Жануарлар майын өсімдік майына не үшін ауыстыру керек? Жай ірімшік жасауға болмай ма?
Мәселе бағада. Бір килограмм ірімшік дайындау үшін 10-12 литр сүт қажет. Бұл ретте ол сапалы болуы керек, әйтпесе одан ірімшік шықпайды. Мұндай шикізат арзан емес. 
Пальма немесе басқа өсімдік майлары бірнеше есеге арзан. Сонымен қатар ірімшік өндіру үшін сүтке қарағанда ол азырақ қажет. Демек, ірімшік өнімінің құны нақты ірімшікке қарағанда айтарлықтай төмен болады.

Сонда ірімшік пен ірімшік өнімін бағасына қарап ажыратуға бола ма?
Кейде ғана. Жосықсыз өндірушілер ірімшік өнімінің бағасын таза ірімшіктің бағасына сай қоюы мүмкін. Алданып қалмас үшін қаптамада жазылған құрамын оқуға кеңес береміз.

Ірімшік пен ірімшік өнімін тағы қалай ажыратуға болады?
Көп жағдайда супермаркеттердегі ірімшік өнімдері жай стрейч-пленкаға оралған күйде сатылады. Әрине, онда олардың құрамы жазылмайды. Бұл жағдайда өнімнің ылғалдылығына назар аударған жөн. Таза жартылай қатты ірімшікті басқан кезде одан ылғал шығады. Ал ірімшік өнімін бассаңыз, аздап сұйықтық бөлінеді. Сондай-ақ өсімдік майлары ерекше белгілері бар, мысалы, үлкен тесіктер, қыртысы бар, көгерген, құрылым ы майлы және т.б. ірімшіктерде сирек болатынын ұмытпаңыздар. 
Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, ірімшік өнімі денсаулыққа қауіпті емес. Ол таза ірімшіктен құрамында өсімдік майларының болуымен ғана ерекшеленеді. Ірімшік өнімдерін қалыпты пайдалану аурудың дамуына немесе ағзаның жалпы нашарлауына әкелмейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button