Фейк: «Әлем кубогының логотипінде жойылудың белгісі бейнеленген»
Қазақстандық қастандық теориясын жақтаушылар Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының логотипінде жасырын символ – өз құйрығын жалмап жатқан жылан салынған деп жазуда. Ол жойылу мен жаңарудың белгісі. Бұл рас па, анықтайық.
Өз құйрығын жейтін аңыздағы жылан уроборос деп аталады. Көбінесе оны сақина түрінде салады, бірақ кейде сегіздік немесе басқа формада да болады. Бұл символ ежелгі Мысырдан белгілі және материалдық және рухани әлемдердің бірлігін, сондай-ақ жойылу мен жаңарудың шексіз циклін білдіреді.
Уроборостың Катарда өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатының логотипіне ешқандай қатысы жоқ. Ақ сегіздікке ұқсайтын іс-шараның логотипі іс-шараның веб-сайтында толық сипатталған және ашық түсіндірілген.
Логотип FIFA трофейінің пішінімен бірдей, аздап құм төбелеріне ұқсас жерлері бар. Анимациялық логотипте сегіздіктің Катарда киіетін Ұлттық қысқы орамалдан жасалғанын көруге болады. Ал логотиптегі гүл өрнектері осындай орамалдарда болатын дәстүрлі кесте іспетті.
Сондай-ақ логотипте футбол добы мен диакритикалық белгілер бар. Олар көрерменге бай араб каллиграфиясын көрсетеді.
Қорыта айтқанда, Әлем чемпионатының логотипінде жойылудың құпия символы жоқ. Ол 2022 жылғы чемпионатты өткізіп жатқан Катардың ұлттық қазынасының бейнесі.