Манипуляция

Манипуляция: «Әлем короновирусқа қарсы егу науқаны үшін кешірім сұрады»

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар әлем COVID-19-ға қарсы вакцинация науқаны үшін кешірім сұрады деп жазуда. Осы хабарламада неміс ғалымдары SARS-CoV-2 вирусының зертханадан шыққанына дәлел тапты, яғни конспирологияны жақатушылардың айтқаны әуелден дұрыс болды және пандемия қолдан жасалды делінген. Бұл олай емес, неге екенін түсіндіріп өтейік.

Бұл хабарламаны жоққа шығару үшін оны екі негізгі бөлікке бөліп қарастырайық. Біріншісі – әлем жаппай вакцинация үшін кешірім сұрады. Іс жүзінде бұл олай емес. Жазылған ақпаратқа қарағанда, видеода бүкіл әлем жайлы емес, Канаданың Альберта провинциясының премьер-министрі Даниэль Смит туралы ғана айтылады.

2022 жылғы 11 қазанда өз қызметіне кіріскен алғашқы күні ол вакцинациядан бас тартқандар ол өмірінде кездестірген кез келген басқа адамдар тобына қарағанда кемсітушілікке әлдеқайда көп ұшырады деп мәлімдеді. Бұл даулы мәлімдеме болғанына қарамастан, оның вакцинация науқаны үшін емес, Канадада локдаун кезінде вакцинацияланбаған адамдарды қоғамдық орындарға жібермегені және оларға елден кетуге рұқсат етілмегені үшін кешірім сұрағанына назар аударған жөн. Яғни, оның егілген адамдардан кешірім сұрағаны туралы ақпарат – айқын манипуляция.

Оның сөздері елде үлкен резонанс тудырды. Осындай мәлімдемеден кейін Даниэль Смит сынға ұшырады. Адамдар өз наразылығын адамдардың белгілі бір тобының бас тартуы ауруына, препаратқа аллергиясының болуына, жасына және басқа да объективті жағдайларға байланысты егіле алмағандардың денсаулығына қауіп төндірді деп түсіндірді. Демек, вакцинацияланбаған адамдарға қойылған шектеулер денсаулық сақтау шарасы болды. Оларды кемсітушілік деп санаған дұрыс емес. 

Даниэль Смит жаппай вакцинация туралы шешімді медициналық емес, саяси деп атағаны туралы хабарламаға келетін болсақ, бұл шындыққа жанаспайды. Оның түпнұсқа сөзінің транскрипциясынан келесі сөйлемді оқуға болады: «Біз қоғамды медициналық таңдау негізінде бөлмейміз», – деді ол.

Сонымен қатар ол өз сөзінде вакцинация аурудан жеке қорғану үшін қажет екенін мойындайды.

Хабарламаның екінші бөлігі SARS-CoV-2 вирусының зертханадан шыққаны туралы теорияға қатысты. Айта кетейік, оны тәуелсіз ғалымдар мен ДДҰ сарапшыларының арнайы тобы бірнеше рет тексерді. Олардың ешқайсысы вирустың қолдан жасалуы мүмкін екендігі туралы болжамды растамады.

Керісінше жағдайды болжайтын зерттеу 2022 жылғы 20 қазанда жарияланды. Бұл предпринт, яғни басқа ғалымдар әлі қарамаған. Демек, ғылыми қоғамдастық жұмыстың мәтінін зерттеп, оны қабылдамауы немесе жоққа шығаруы мүмкін.

Қазірдің өзінде ғалымдар зерттеуді «қарама-қайшы» деп атады және оны сақтықпен қарауға шақырады, өйткені онда вирустың зертханада жасалғаны туралы теорияға нақты дәлелдер жоқ. 

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, таратылған хабарламаны нағыз манипуляция деп атауға болады. Әлем вакцинация науқаны үшін кешірім сұраған жоқ. Альберта премьер-министрі вакцинация үшін емес, вакцинацияланбаған адамдардың бостандығына нұқсан келтіргені үшін кешірім сұрады, бұл провинция тұрғындарының наразылығын тудырды. Sars-CoV-2 вирусының зертханада жасалғаны туралы жазылған ғылыми жұмыс рецензияланбаған, ғалымдар оны «қарама-қайшы» деп атаған және онда бұл тезисті дәлелдейтін даусыз дәлелдер келтірмеген.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button