Fake News

Фейк: «Егілмегендерді кісі өлтіруші дрондардың көмегімен жояды»

Қазнетте жасанды интеллектпен басқарылатын, жарылғыш заттармен жабдықталған және адамдарды тани алатын дрондардың виидео презентациясы тарады. Онда олардың көмегімен COVID-19-ға қарсы егілмегендер жойылады делінген. Бұл шындыққа жанаспайды. 

Біріншіден, әлемде COVID-19 қарсы вакцина алмаған адамдарды жою жоспары жоқ. Мұндай шаралар заң мен мораль нормаларына қайшы келеді.

Екіншіден, таратылған видео – бұл нақты презентацияның деректі түсірілімі емес, қысқа метражды көркем фильм. Оның авторлары – The Future of Life Institute ұйымының қызметкерлері. Олардың жұмысының мақсаты – қуатты технологиялар тудыруы мүмкін апаттар қаупін азайту.

Slaughterbots фильмі (Өлтіруші боттар) 2017 жылдың қараша айында жарық көрді. Ол сегіз минутқа жуық уақытқа созылады, сюжетте жетілдірілген және толықтай автоматтандырылған өлтіруші дрондарды жасау технологиясы агрессивті адамдардың қолына түскені туралы айтылады.

Бұл фильмнің мақсаты – адамдардың назарын жасанды интеллект басқаратын қару-жарақ мәселесіне аудару және БҰҰ-ны оны қолдануға тыйым салуға шақыру. 

Демек, таралған ақпарат – фейк. Біріншіден, вакцинацияланбаған адамдар жойылады деп ойлауға негіз жоқ. Екіншіден, тіркелген видео – бұл нақты презентацияның түсірілімі емес, қысқа метражды көркем фильм.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button