Фейк: «COVID-19 жоқ, бұл ауруды Эбола вирусының штаммы тудырады»
Қазнет пайдаланушыларында ерекше теория пайда болды. Олар COVID-19 – бұл биологиялық қару қолданудың, Эбола рестон вирусының штаммын шашу және оны вакциналар арқылы егудің нәтижесі деп жазды. Бұл олай емес.
Рестон вирусы эболавирустар тобына жатады. Бұл топта барлығы алты қоздырғыш бар, олардың бесеуі адамдар үшін қауіпті. Рестон вирусы адамдарға ешқандай қауіп төндірмейді.
Ол адамға ұқсамайтын приматтарда ауыр ауру тудыруы мүмкін. Бірақ адамдар, ауру жануарлармен байланысқаннан кейін де ауру жұқтырмайды немесе ауру симптомсыз түрде өтеді және оған иммунитет қалыптасады. Бұған бұрын болған оқиғалар дәлел. Мысалы, 1989-1990 жылдары Филиппинде маймыл питомнигінде рестон вирусына байланысты приматтардың көбі қайтыс болды. Ауру жануарларды күткен адамдар ауру жұқтырған жоқ, бірақ иммунитет қалыптасты.
2015 жылы Филиппинде питомникте приматтар арасында тағы бір ауру ошағы тіркелді. Бұл ретте талдау нәтижелері 25 қызметкердің ешқайсысы рестон вирусын жұқтырмағанын көрсетті.
Яғни, рестон вирусын биологиялық қару ретінде пайдалану мағынасыз. Ол адамдар үшін зиянсыз және ауру тудырмайды.
COVID-19 қарсы вакциналарда бұл вирус жоқ. Бұған Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сайтында Қазақстанда рұқсат етілген барлық вакциналардың құрамымен танысып, көз жеткізуге болады.
Бұл вирусты бір жерде әдейі шашты деп айтуға негіз жоқ-жоқ.
Демек, COVID-19 – бұл биологиялық қару – рестон вирусын қолданудың нәтижесі болып табылады деген ақпарат – фейк.