Fake News

Фейк: «Үлкен жетілік» елдері әлем бойынша электромагниттік бомбалар жаруды жоспарлап отыр»

Instagram-да пайдаланушылар «үлкен жетілік» елдерінің көшбасшылары жақын арада әлем бойынша бірнеше қуатты электромагниттік бомба жарып, өркениетті екі жүз жылға кері қайтарады деген «ескертуді» таратуға шақыруда. Осыдан кейін электр қуаты толығымен өшеді, автомобильдер жұмысын тоқтатады, Интернет жойылады екен. Мұның бәрі негізсіз.

 

Әлеуметтік желі қолданушылары «Үлкен жетілік» елдерінің көшбасшылары күн белсенділігінің артуына байланысты жаһандық электр қуатын өшіру мәселелерін талқылағандықтан осылай пайымдап отыр.

Шын мәнінде, G7-нің соңғы саммиті 2023 жылдың 19-21 мамыры аралығында өтті және күн тәртібінде электромагниттік бомбалар, күн белсенділігі немесе жаһандық электр қуатын өшіру туралы мәселелер қаралған жоқ.

Күн белсенділігі, нақтырақ айтсақ, коронарлық массаның көптеп шығарылуы, электр желілері мен әртүрлі техниканың жұмысында елеулі бұзушылықтар тудыруы ықтимал. Осындай бір жағдай планетамыздағы барлық электрониканы істен шығара алады. 

Алайда, оқиға ең нашар сценарий бойынша өрбісе де, күн және жел электр станциялары өз жұмысын жалғастырады. Оның үстіне, адамзат тарихында мұндай жағдай болмаған. Қазіргі заман тарихындағы күн белсенділігінің елеулі жарқылы 1859 жылы қыркүйекте орын алған, ол Каррингтон оқиғасы деп аталады. Күн сәулесінің жарқылы салдарынан телеграф жүйесі мен электр желілерінің жұмысында бұзушылықтар болған. Алайда, оқиғаның салдары көп болмады.

Күндегі ауа райын зерттеу үшін NASA жұлдызға Parker Solar Probe зондын ұшырды. 2021 жылы ол күн атмосферасына кірді және қазір ғалымдарға оны зерттеуге мүмкіндік беруде, олар өркениетті жүздеген жылдарға кері қайтаруы мүмкін коронарлық массаның көптеп шығарылуын болдырмау үшін жаңа деректерді алуда.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі «Үлкен жетілік» елдерінің басшылары электромагниттік бомбаларды жаруды жоспарлап отыр деп санауға негіз жоқ екенін көрсетеді. Жердегі электр желілерінің істен шығуы күн белсенділігінің күрт өсуі нәтижесінде болуы мүмкін, бірақ G7 бұған еш әсерін тигізе алмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button