Fake News

Мәдениет және спорт министрлігі Art sport бағдарламасы аясында ваучерлер таратылатынын жоққа шығарды

Қазақстандықтар What ‘ sApp мессенджерінде бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Art sport бағдарламасы бойынша ваучерлер таратылатыны туралы жазды. Бұл шындыққа жанаспайды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өзінің ресми Telegram-арнасында бұл ақпаратты жоққа шығарды. Онда ведомствоның ваучерлер таратумен айналыспағаны және алдағы уақытта да айналыспайтыны туралы жазылған. Бұл жұмыс жергілікті деңгейде жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Art sport бағдарламасы Қазақстанда 2021 жылдың шілде айында іске қосылды. Ол бойынша төрт жастан асқан әр балаға кемінде екі шығармашылық үйірмеге немесе спорт секцияларына тегін жазылу мүмкіндігі беріледі.

 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button