Fake News

Фейк: «Желіде әскерилер мен белгісіз ұшатын нысанның бірлескен жаттығуларының видеосы тарады»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде ерекше видеоны талқылауда. Онда сарбаздар мен әскери техникамен қоса, үлкен ұшатын табақпен ұйымдастырылған әскери оқу-жаттығулар түсірілген. Бұл – монтаж.

Видеода биыл 27 қаңтарда Аризона шөлінде түсірілгені деп жазылған. Алайда, оны 2017 жылғы қазан мен 2020 жылғы наурыздағы интернет-басылымдардан кездестіруге болады.

Түпнұсқа бейне желіде 2017 жылдың қыркүйегінде тараған. Онда үлкен ұшатын табақ болмаған. Видеода әуеден қосымша күш шақыру үшін Android ОЖ негізіндегі әскери планшеттерді пайдаланатыны көрсетілген.
Кадрлардағы белгісіз ұшатын нысан кейіннен монтаждау нәтижесінде пайда болды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button