Фейк: «5G толқындары судың құрылымын бұзады»
Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда судың қату процесі түсірілген бейнеролик таралды. Кадр сыртындағы дауыс таза бұлақ суы қатқан кезде кристалдар қалыптасады, ал 5G толқындары әсер еткен суда олар болмайды. Осының бәрінен пайдаланушылар 5G толқындары судың құрылымын бұзады, демек олар зиянды деген қорытындыға келген. Мұның бәрі жалған.
Шын мәнінде, судың қату процесі, оны мұқият қадағаласаңыз, әртүрлі жүреді. Бұған әртүрлі жағдайларда түсірілген көптеген видеолар мысал бола алады. Судың қату процесі, яғни оның сұйық күйден қатты агрегаттық күйге ауысуы сырттай судың мөлшері мен сапасы, оның температурасы, қоршаған орта температурасы, су құйылған сыйымдылық және т.б. сияқты факторларға байланысты басқаша көрінуі мүмкін.
Сондай-ақ судың, әсіресе бұлақ суының құрамында қату процесіне әсер ететін қоспалар көп екенін түсінуіміз керек. Кем дегенде, бұлақ суы дистилденген суға қарағанда тез қатады, өйткені соңғысында қоспалар жоқ, демек кристалдану орталықтары да жоқ.
Мысалы, судың құрылымы электролиз процесінде бұзылуы мүмкін. Бұл жағдайда су молекулалары сутегі мен оттегіге ыдырайды. Су электролизін жүргізу және оның молекулаларын бұзу үшін арнайы жабдық пен электр тогы қажет. 5G немесе кез келген басқа толқындардың көмегімен электролиз жүргізу мүмкін емес.
5G форматындағы желілердің қоршаған ортаға әсерін Еуропалық парламент комиссиясы бағалады. Бұл бағалаудың 149 бетте жарияланған нәтижелері баршаға қол жетімді. Онда 5G толқындары судың құрылымын бұзады деп пайыммдауға болатындай ештеңе жоқ. Сондай-ақ, 5G кейбір жаңа диапазондарды пайдаланбайтындығын атап өткен жөн. Жүйе Wi-Fi, Bluetooth, 4G және полиция радарларымен бірдей диапазонда жұмыс істейді.
Демек, 5G толқындары суға белгілі бір әсерін тигізеді деп болжауға ешқандай негіз жоқ.