Fake News

Фейк: «Елдер электр қуатын толығымен өшіруге дайындалып жатыр»

Telegram арналарда Израиль тұрғындары басқа мемлекеттердің азаматтарымен бірге алдағы жаһандық қараңғылыққа дайындала бастағаны туралы жазылды. Адамдарға электр қуатының шотымен бірге электр қуатынсыз қалай өмір сүру керектігі туралы кітапшалар таратылған екен. Бұл олай емес.

Израильдегі электр қуатын толығымен өшіруге дайындық туралы хабарламаға аман қалудың амалдары жазылған кітапшаның суреті тіркелген. Бұл кітапша бар, ол Israel Electric Corporation коммпаниясының тапсырысымен шығарылған.
Алайда, электр қуатын толығымен өшіру және өмір үшін күресу қажет болатыны туралы онда жазылмаған. Онда қысқы кезеңге дайындық және өрттен немесе электр желілерінде болуы ықтимал ақаулардан қорғану бойынша кеңестер ұсынылған. Бұл ұсыныстарды компанияның сайтынан да көруге болады.
Онда қыста үйді қауіпсіз жылытуды қамтамасыз ету жолдары және проблемалар туындаған жағдайда қайда хабарласу керектігі егжей-тегжейлі айтылған. Сондай-ақ бұл бөлімде электр энергиясын тиімді және үнемді тұтыну, электр құрылғыларын қауіпсіз пайдалану және халыққа арналған басқа да кеңестер бар.
Әлемде электр қуаты толығымен өшіріледі деген ақпарат – конспиролдогиялық теория. Оның жақтаушылардың айтуынша, белгілі бір құпия әлемдік үкімет пен Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Шваб барлық елдерде электр энергиясын беруді тоқтатпақ. Бұл теория негізсіз және оған сенудің қажеті жоқ.

Фейк: «Әлемдік үкімет электр қуатын өшірмек, бүкіл әлемде тәртіпсіздік орнайды»

 

Бұған дейін қазақстандықтар алдағы уақытта ел билігі әлемдік үкіметтің бұйрығымен электрмен жабдықтауды өшіретіні туралы жазған болатын. Әрине, мұның бәрі ойданшығарылған.

Фейк: «Қазақстан үкіметінің бұйрығымен электр қуаты толық өшіріледі»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button