Fake News

Негізсіз: «Смартфондар мен компьютерлер ми мен көз құрылымын өзгертеді»

Қазнет қолданушылары кейбір әлемдік элиталар смартфондар мен компьютерлерді танымал етуге ниетті, өйткені олар ми мен көз құрылымын өзгертеді, осылайша адамдар адам болмай қалады, мүлдем басқа тіршілік иелеріне айналады деген ақпарат таратуда. Бұл туралы офтальмологтар мәлімдеген екен. Шын мәнінде, мұның бәрі негізсіз.

Бұл реетте таратылған хабарламада нақты деректер көрсетілмегеніне назар аударуымыз керек. Автор өзінің де, дәрігердің де, осындай ерекше консультация алған клиниканың да атын атамайды. Хабарламада сипатталған оқиғалардың қай қалада немесе қай елде болғандығы да белгісіз. Бұл хабарламаның толығымен фейк екенінің немесе контекстен үзіп алынғанвның белгісі.
Жоғарыда айтылғандарға назар аудармасақ та, сматртфондар және компьютерлер ми және көз құрылымын толық өзгертеді дееген пікірдің өзі ғылымға қайшы болып келеді. Бұл тезистерді дәлелдейтін бірде-бір зерттеу жоқ.
2019 жылдың тамызында Нью-Джерси университетінің мамандары зерттеу жүргізіп, смартфондарды қолданудың миға әсерін зерттеді. Олар телефондарды мақсатсыз пайдалану мидың демалуына мүмкіндік бермейді, керісінше психикалық және тіпті физикалық денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін стрессті күшейтеді деген қорытындыға келді. Ғалымдар мидағы құрылымдық өзгерістер туралы айтқан жоқ.
Хабарламада айтылған көз құрылымындағы өзгерістер де болуы екіталай. Адам көзінің құрылымы жақсы зерттелген және сипатталған. Оның құрылымындағы шамалы өзгерістер көру немесе түстерді қабылдау проблемаларына әкеледі. Әрине, смартфондарды, планшеттерді және жарқыраған экраны бар басқа гаджеттерді шамадан тыс пайдалану көру қабілетіне теріс әсер етуі ықтимал. Алайда, бұл гаджеттердің өзі адамдарды соқыр ету үшін жасалғандықтан емес, жарық көзімен кез-келген ұзақ және жақын байланыс көзді шаршататындықтан болады. Егер бұл байланыс тұрақты болса, онда көзге шамадан тыс жүктеме түседі, бұл көру өткірлігін төмендетуі мүмкін. Дегенмен, смартфонды қарапайым шаммен немесе балауызбен алмастырса және оларға үнемі ұзақ уақыт қарап отырсаңыз, көру қабілеті нашарлайды. Яғни, бұл смартфонның әсері емес, оны ұтымсыз пайдаланудың нәтижесі. 
Дыбыстық хабарламаға берілген түсініктемеде айтылған мета ғаламшарға келсек, бүгінгі күні оның адам миына әсері туралы ешқандай деректер жоқ. Бұл әсерлерді зерттеу үшін ғалымдарда деректер жеткіліксіз. АҚШ Ұлттық медициналық кітапханасының сайтында мета ғаламшар тақырыбындағы 48 зерттеу жарияланды және олардың барлығы компьютерлік «шынайылықтың» пайда болуымен ашылған білім беру мен денсаулық сақтаудағы жаңа мүмкіндіктерге арналған.
Демек, таратылған ақпаратта бірқатар ғылымға қарсы мәлімдемелер бар және автор оны ойдан шығар.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button