Fake News

Фейк: «Әлемде вакциналық ЖҚТБ пандемиясы болады»

Әлеуметтік медиа мен мессенджерлерде әлемде «вакциналық ЖҚТБ» деп аталатын пандемия болатыны туралы ақпарат таратуда. Бұл теорияның авторларының пайымдауынша, COVID-19 қарсы вакциналар адамдардың иммунитетін төмендетеді, бұл адамның иммун тапшылығы вирусының әсері сияқты және мұны растайтын мәліметтер бар. Бұл мәліметтер қайдан алынды және неге оларға сенбеу керек, түсіндіріп өтейік.


Осы сияқты алғашқы хабарламалар Желіде 2021 жылы жазда тарала бастады. Ол кезде теорияны жақтаушылар COVID-19 қарсы вакциналар цитокиндік дауыл тудырады, нәтижесінде иммунитетті төмендетеді деп мәлімдеді.

Фейк: «Вакцинамен бірге иммунитет тапшылығы егіледі»

Қазіргі кезде вакцинацияға қарсы адамдардың риторикасы аздап өзгерді. Бүгінде әлем бойынша бес миллиардтан астам адам COVID-19 қарсы егілгенін және олардың ешқайсысында цитокиндік дауыл болмағанын ескере отырып, бұл теорияны жоққа шығаруға тура келді.

Алайда, вакцинацияланған адамдардың ЖҚТБ жұқтыратыны туралы әлі де айтылып келеді. Мұндай мәлімдемелер Германия, Ұлыбритания және Жаңа Зеландия елдерінің сырқаттанушылық статистикасы туралы ашық мәліметтерге негізделген. Айта кетейік, бұл хабарламалардың дереккөзі – қастандық теорияларын, псевдоғылыми жаңалықтар мен фейктер тарататын сенімсіз порталдар.
Бұл мәліметтердің барлығы дұрыс түсіндірілмеген. Вакцинацияға қарсы жандар егілгендер мен вакцина салдырмағандар арасында ауру жұқтырғандар мен ауырмаған адамдардың санын тікелей салыстырады. Олар қалыптасқан айырмашылықты вакциналардың тиімділігінің көрсеткіші деп санайды.
Бұл дұрыс емес, өйткені вакциналардың тиімділігі басқаша және әлдеқайда күрделі формулалармен есептеледі. Бұл көрсеткішті бағалаудың үш әдісі бар: ARR, RRR NNV, олардың ешқайсысында вакцинацияға қарсы адамдар қолданған формула пайдаланылмайды. Бұл әдістердің әрқайсысы туралы толығырақ The Lancet ғылыми журналында және Reuters порталында жазылған.
Сонымен қатар, вакцинацияға қарсы адамдардың есептеулері дұрыс болуы мүмкін деп пайымдасақ та, бұл «вакциналық ЖҚТБ» сияқты аурудың бар-жоғын дәлелдемейді, сондай-ақ, вакцинацияланған адамдардың иммунитеті төмендейді дегеннің белгісі емес.
Демек, алдағы «вакциналық ЖҚТБ» пандемиясы туралы ақпараттар мүлдем дәлелденбеген және оларға сенудің қажеті жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button