Fake News

Фейк: «Ұлыбританияда бала өлімі вакцинацияға байланысты 800% өсті»

Қазнетте Ұлыбританияда COVID-19-ға қарсы вакцинация балалар өлім-жітімінің бірден 800% өсуіне алып келгені туралы ақпарат таратылуда. Мұны Ұлыбританияның Ұлттық статистика кеңсесінің статистикасы растаған екен. Мұның бәрі неге өтірік екенін түсіндіріп өтейік.


Біріншіден, ақпаратта көрсетілген скриншотта өлім-жітім статистикасы 2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 қазанына дейін жиналғанын атап өткен жөн. Ұлыбританияда осы кезеңнің көп бөлігінде балаларға COVID-19-ға қарсы вакцинация жасалмады. 2021 жылдың тамызында вакциналарды клиникалық түрде бірінші болып иммунитеті төмен адамдармен бірге тұратын 12 жастан 17 жасқа дейінгі балалар ала бастады. Содан кейін 2021 жылдың қыркүйегінде, 12-ден 17 жасқа дейінгі адамдардың бәрі егілді. 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға арналған вакциналар осы жылдың қаңтар айында ғана ұсынылды. 
Осылайша, статистикаға 12 жастан бастап толық вакцинацияланған балалардың, ілеспе диагноздары бар балалардың, сондай-ақ вакцинаның бір дозасын ғана алған және 5 жастан 11 жасқа дейінгі бірде-бір вакцина салдырмаған балалар кірді.
Ұлыбританияның Ұлттық статистика кеңсесінің мамандары Reuters порталына вакцинацияланған адамдар арасында өлімнің 800% өсуі туралы мәлімдеме жалған және оқырмандарды адастырады деп түсіндірді. 
Ұлттық статистика кеңсесінің Freedom of information ұйымының сауалына берген ресми жауабына сәйкес, Ұлыбританияда вакцинация науқаны басталғаннан бері COVID-19 қарсы вакциналарға байланысты 35 жасқа толмаған бірде-бір адам қайтыс болған жоқ. 35 және одан жоғары жас топтарының арасында өлім туралы куәлікте КВИ қарсы вакциналар көрсетілген 15 өлім жағдайы тіркелді. Осы 15 жағдайдың 10-ында COVID-19 өлімнің қатар жүретін себебі ретінде көрсетілген. 
Бұл Ұлыбританияда COVID-19 қарсы вакцинациядан бірде-бір бала қайтыс болмағанын дәлелдейді.
Демек, балалар арасындағы өлім-жітім 800% өскені туралы ақпарат фейк болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button