Жаңалықтар

Фейк: «АҚШ Сенаты пандемия жалған деп мәлімдеді»

Қазақстандықтар «жақында» АҚШ Сенаты COVID-19 пандемиясы жалған деп ресми түрде мәлімдегені туралы ақпарат таратуда. Шын мәнінде, Сенатта мұндай мәлімдемелер жасалған жоқ.

Бұл тезис сенатор Марша Блэкбернның былтыр маусым айында сөйлеген сөзінің видеосымен «расталады».

Ол онда пандемия – бұл жалған және ойдан шығарылған нәрсе деп айтпайды. Тек Sars-CoV-2 вирусының шығу тегіне ғана күмән келтіреді және оның таралуына Қытай жауапты болуы мүмкін деп пайымдайды. Бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында да ол осы идеяны алға тартқан болатын. Оның осындай мәлімдемелерін жеке сайттан табуға болады.

Алайда, ол COVID-19 ауруының бар екенін ешқашан жоққа шығармаған және пандемия «жалған» деп айтпаған. 

АҚШ Сенаты да пандемия өтірік деп ешқашан айтқан емес.

Sars-CoV-2 вирусының шығу тегі табиғи екендігі дәлелденді. Әлемнің жетекші ғалымдары осындай ортақ пікірде. Ухань қаласында жүргізілген зерттеулерден кейін ДДСҰ комиссиясы да осындай қорытынды шығарды.

Демек, АҚШ Сенаты пандемияны ресми түрде жалған деп мәлімдегені туралы ақпарат өтірік.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button