Fake News
Фейк: «Азамат Батырбаевқа қатысты азаптаулар фактісі бойынша қылмыстық іс тоқтатылды»
ҚР Бас прокуратурасы әлеуметтік желілерде Азамат Батырбаевқа қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактісі бойынша қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы таралған ақпаратты жоққа шығарды.
«Прокуратураның мәліметінше, бұл ақпарат – фейк. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу шаралары жалғасуда. Азаматтарды ресми дереккөздерге сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз», – делінген ведомство хабарламасында.
Еске сала кетейік, Азамат Батырбаев биыл қаңтар айында Талдықорғанда ұсталған болатын. Ақпан айында оның жұбайы Батырбаевты азаптағанын хабарлады.
1 наурызда Батырбаевтың адвокаты Батырбаевты азаптады деген күдікті анықталып, қамауға алынғанын хабарлады. Іске қатысты басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.