Манипуляция: «Африкада COVID-19-бен сырқаттанушылық төмен, өйткені онда вакцинацияланған адамдар аз»
Telegram-да «Африка континенті COVID-19 вакцинацияланғандардың пандемиясы екенін дәлелдейді» деген ақпарат тарады. Бұған дәлел ретінде мәтінде Африкада сырқаттанушылықтың басқа елдерге қарағанда әлдеқайда төмен және вакцинацияланған адамдар әлдеқайда аз екендігі келтірілген. Бұл деректер өзара байланысты емес, ал ақпараттың өзі манипуляция болып табылады. Неге екенін түсіндіріп өтейік.
Алдымен COVID-19 салдарынан өлім-жітімнің төмен деңгейі бүкіл құрлықта емес, тек материктің субсахариялық бөлігінде ғана тіркелгенін айта кеткеніміз жөн.
Ақпаратта келтірілген себеп-салдарлық байланыстар қисынсыз. Бұған Африка елдеріндегі және, мысалы, 2020 жылдағы, яғни әлемде жаппай вакцинация басталғанға дейінгі АҚШ-тағы сырқаттанушылық көрсеткішін салыстыра отырып көз жеткізуге болады. салыстырсаңыз, мұны тексеру оңай. Оған сәйкес, адамдар COVID-19-ға қарсы егіле бастағанға дейін, сырқаттанушылық та, өлім-жітім де Африканың кейбір елдерінде барлық басқа елдерге қарағанда әлдеқайда төмен болды. Яғни, субсахариялық Африкада сырқаттанушылықтың төмен деңгейі вакцинацияланған адамдардың аздығына қатысы емес. Демек, мұндай статистиканың басқа себептері болуы керек.
Бүгінгі таңда ғалымдар бірнеше ықтимал себептерді анықтап отыр
1. COVID-19-ға ауқымды тестілеудің болмауы
Сахараның оңтүстігіндегі көптеген елдерде COVID-19 анықтау үшін тестілеу жүргізілмейді. Сондай-ақ, көптеген қалаларда нақты диагноз қою және өкпенің зақымдану дәрежесін анықтау үшін компьютерлік томографтар сияқты жабдықтар жоқ.
2. Қате статистика
ДДСҰ-ның Африкадағы аймақтық бюросының мәліметі бойынша медициналық жабдықтар мен сынақтардың жетіспеушілігіне байланысты COVID-19 жұқтыру жағдайларының 85%-ы тіркелмеген. Субсахариялық Африкадағы сырқаттанушылықтың төмен деңгейіне арналған NewYork Times материалда COVID-19 қоздырғышына, Sars-CoV-2 вирусына антиденелерге жаппай тестілеу нәтижесі африкалық Сьерра-Лионе тұрғындарының 78%-ы COVID-19-бен ауырғанын, бірақ дәрігерлерге жүгінбегендігін көрсетті.
3. Жас халық
Субсахариялық Африка халқының көп бөлігі 25 жасқа дейінгі жастар. Жалпы халықтың тек 3%-ы ғана – 65 жастағы және одан асқан адамдар. Халықтың орташа жасы – 19 жас. Салыстыру үшін, Еуропа елдерінде ол 43, АҚШ-та – 38 тең. Ғалымдардың пікірінше, Африка тұрғындарының көбі жастар болғандықтан, оларда ауру жеңіл немесе симптомсыз түрде өтеді және жүрек-қан тамыры аурулары немесе қатерлі ісік сияқты ілеспе аурулар жоқ. Мұның бәрі COVID-19 салдарынан болатын өлім қаупін едәуір төмендетеді және өлім-жітімнің төмен статистикасын түсіндіреді.
4. Халық тығыздығының төмендігі және урбанизация деңгейі
Сахараның оңтүстігінде орналасқан Африка елдерінде қоғамдық көлік жүйелері дамыған халық тығыз орналасқан қалалар болмағандықтан және адамдар көп уақытын ашық ауада өткізетіндіктен, вирус баяу таралады.
Мұның бәрі COVID-19-бен сырқаттанушылықтың және субсахариялық Африкада аурудан болатын өлім-жітімнің төмен деңгейі нашар егу науқанының салдары емес, вакциналарға қатысы жоқ себептердің бірігуі екенін көрсетеді.