Жаңалықтар

Фейк: «Өзімізді тірі адам деп жариялағанша, заң жүзінде біз өлген болып саналамыз»

Желіде «суверен-тірі адамдар» деструктивті қозғалысының идеялары кеңінен тарады. Оның постулаттарына сәйкес, өзін ресми түрде тірі деп жарияламаған адамдардың барлығы өлген, ешқандай құқығы жоқ және тауар, ал олардың құжаттары әлемдік қор нарықтарындағы бағалы қағаздар болып саналады. Бұл конспирология.


Суверен-тірі адамдар қозғалысы 1960-1970 жылдары АҚШ-та пайда болды. Уақыт өте келе көптеген ағымдарға бөлінді, олардың кейбіреулері өте радикалды болып шықты. Қырық жылдан астам уақыт өткен соң қозғалыстың сәл өзгертілген идеялары интернеттің орыс тілді сегментінде таралды.
Ресейлік қозғалыстың негізін қалаушы Антон Булгаков деуге болады. Ол өзін «тірі, тірідей туған адамның өкілі, Жаратушының өкілі атым онтон булгак Николай ұлы» деп атады және оған ешқандай құжаттар, оның ішінде төлқұжат және т.б. қажет емес деп мәлімдеді. Сондай-ақ, ол салық төлеуден, банктердегі қарыздарды өтеуден, коммуналдық қызметтер үшін және басқа да төлемдер жасаудан бас тартты. Булгаков туған кезде «Жердің табиғи ресурстарын пайдалану» үшін «қазіргі әлемдік ақша-қаржы жүйесінің институттарында» әр адамға «шот» ашылады дегенге сенді. Бұл «шот» «Ватикан, Ұлыбритания Корольдік үйі, БҰҰ-ның қарамағында». Бұл ретте туу туралы куәліктер халықаралық қор нарығында бағалы қағаздар ретінде пайдаланылуы мүмкін. Адамның өзі бұл шотты тек өзін тірі адам деп жариялап, «жүйенің құлы» болудан бас тартқанда ғана пайдалана алады екен.
2018 жылдың қазан айында Булгаковтың психоневрологиялық диспансерге мәжбүрлеп емдеуге жіберілгені белгілі болды. 
Дегенмен, оның серіктестері белсенді жұмысын жалғастырды.
Олар Ресейдің кейбір аймақтарында банктер мен мемлекеттік органдарда дау-дамай шығарып, «жүйеден шығатындары туралы» мәлімдеп, «тірідей туғаны туралы анықтамалар» талап етті.
Суверен-тірі адамдар қозғалысы әлі күнге едйін бар. Бүгінде ол біртіндеп қазақстандықтардың да санасын жаулап алуда.
Сарапшылардың пікірінше, бұл қозғалыста сектаның белгілері бар және деструктивті сипатқа ие.
Қозғалыс идеяларына сенуге ешқандай негіз жоқ екенін атап өткеніміз жөн. Әлемнің кез келген елінде азаматтар әдепкі бойынша өлі деп саналмайды, сондай-ақ, әр адамға туған кезде оны «тірі» деп жариялайтын пайдасыз қағаздар топтамасын алу арқылы пайдалануға болатын белгілі бір ақшалай шот ашылатындығына ешқандай дәлел жоқ.
Демек, мұндай ақпараттардың бәрі мифтер мен конспирологияға негізделген деструктивті қозғалыс идеяларын тарату әрекеті болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button