Fake News

БҒМ оқушыларды мектептерге қайтару бойынша Қазнетте тараған жоспарға түсінік берді

Интернетте «Қазақстанда мектептерді ашу туралы» құжаттың скрині тарауда. Құжаттың мазмұны мен соңындағы қолтабаға қарап, оның «Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринованың Денсаулық сақтау министрлігіне жолдаған сауалы» деп болжам жасауға болады. Онда БҒМ өкілдері мектептерде дәстүрлі оқытуды кезең-кезеңмен қайта бастауды ұсынады және бірнеше дәлелдер келтіреді.

«….жалпы ел бойынша эпидемиологиялық ахуалдың жақсарғанын ескере отырып, ата-аналар мен педагогикалық қоғамның ниеттерін, сондай-ақ ағымдағы оқу жылында оқу процесін қайта бастау жөніндегі халықаралық тәжірибені ескере отырып, Білім және ғылым министрлігі республиканың жалпы білім беру мектептерін штаттық режимде оқуға кезең-кезеңмен қайтару тәртібін қарастыруды ұсынады», – делінген құжатта.

Сонымен қатар, балаларды мектепке қайтару механизмі де көрсетілген: 7 қыркүйектен бастап ауылдық шағын жинақты мектептердің оқушылары штаттық режимге өтуі тиіс, 14 қыркүйектен бастап барлық жалпы білім беру мекемелері үшін аралас формат – қашықтан оқыту және күндізгі бөлім, 14 қарашадан бастап барлық оқушылар мектептерге қандай да бір шектеусіз баруы тиіс.

Stopfake.kz редакциясы түсініктеме алу үшін ҚР БҒМ баспасөз қызметіне хабарласты.

Ведомствоның баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, бұл құжаттың түпнұсқалығын растау немесе жоққа шығару әлі мүмкін емес, қазір ішкі хат алмасудың сыртқа таралуы бойынша туралы ішкі тергеу жүргізілуде.

«Әрине, БҒМ ата-аналар мен педагогтар сияқты дәстүрлі оқыту форматына тез оралуға мүдделі. Бірақ бұл шешімнің санитарлық-эпидемиологиялық қызметке және жалпы қолайлы эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенін түсінуіміз керек. Бұл саланың мамандары жағдайды бақылауда және ең алдымен балаларды індеттен сақтауға тырысады. Бірақ эпиджағдай оң болса және санитарлық дәрігер тиісті шешім шығарса, әрине, біз барлығын дереу хабардар етіп, шара қабылдаймыз», – деді Гауһар Омарбек.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 14 шілдесінде Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Білім және ғылым министрлігіне жаңа оқу жылын қашықтан бастауға кеңес берген болатын.

17 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ақпараттық ресурсы Қазақстанда қашықтан оқытуды өткізу тәртібін жариялады.

1 қыркүйекте Білім және ғылым министрлігі 3,3 млн оқушының 2,6 млн жуығы қашықтан оқыту форматында білім алатынын хабарлады.

 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button