Fake News

Аспандағы қара сақинаның видеосы Қазақстанда түсірілген жоқ

Қазнет қолданушылары аспандағы қара сақина көрсетілген кадрлармен бөлісуде. Видео астынан Қазақстанда түсірілген деп жазылған. Бұл олай емес.

Бұл видео Желіде 2018 жылғы маусым айында тарады. Оны Ресейдегі Забайкальск өлкесінің тұрғындары түсірген.
Сақинаның өзі қорқынышты немесе жұмбақ нәрсе емес. Ол жай түтіннен қалыптасқан. Мұндай сақиналар пиротехника немесе дөңгелек құбырлардан түтіннің көп шығуы салдарынан пайда болады.
Желіде 2008 жылғы Burning man фестивалінде осындай сақиналарды әдейі шығарылған видеоны көруге болады.
Бұған дейін дәл осындай сақина Ақмола облысында Қосшы қаласында байқалған. Қала әкімдігінің хабарлауынша, ол дөңгелек қималы құбыры бар пеште күрт жанған көмірден пайда болған.
Қастандық теориясын жақтаушылар осындай түтін сақиналарының видеолары ұшақтардан графен шашудың «дәлелі» деп айтқан болатын. 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button