Fake News

Фейк: «Қытайлық ғалым Sars-CoV-2 вирусы мүлдем оқшауланбағанын ресми түрде мәлімдеді»

Танымал қазақстандық Telegram-арналардың бірінде қытайлық ғалым туралы видео тарады, ол NBC телеарнасына берген ресми сұхбатында Sars-CoV-2 вирусын анықтау мүмкін еместігін мәлімдеген. Шын мәнінде, бұл олай емес. Оның вирус туралы айтқан сөздері контексттен үзіп алынған.

Тараған видеода айтылып отырған сұхбат осы жылдың 23 қаңтарында NBC телеарнасында COVID-19 пандемиясының «жылдығына» арналған шығарылымның бір бөлігі ретінде жарық көрді. Сонымен қатар, шығарылымда ауру таралған Уханьдағы базар көрсетіліп, пандемияның қалай басталғаны айтылған.
Доктор Ву Цзун Юмен сұхбат пандемияның басына арналды. Сондықтан журналистің Қытай вирус туралы деректер анықталғаннан кейін онымен неге бірден бөліспеді деген сұрағына: «Олар вирусты оқшаулаған жоқ, бұл проблема», – деп жауап берді.
Яғни, доктор жаңа, әлі белгісіз ауру табылған кезде оның қоздырғышы анықталмағанын айтпақ болды. Қытайлық ғалымдар жаңа вирустың геномын толығымен ашып, оны 2020 жылдың 10 қаңтарында көпшілікке жариялады. Қазір вирустың толықтай белгілі геномы бірден бірнеше ашық ресурстарда орналастырылған.
Тараған видеода есімі аталған доктор Саманта Бэйли де белгілі covid-диссидент және желіде вирустық сипатқа ие боғлан бірнеше фейк мәлімдемелердің авторы.
Бұған дейін біз оның SARS-CoV-2 вирусы мүлдем оқшауланбаған деген теориясын жоққа шығардық.

Фейк: «Sars-CoV-2 вирусының геномы ашылған жоқ, ойдан шығарылған»

Вирусты оқшаулағаны үшін сыйлық тағайындау туралы әңгімелер манипуляция болып табылады. Олардың ештеңені дәлелдемейтіні және объективті емес екендігі туралы біз жазған болатынбыз.

COVID-19-дың жоқ екендігінің дәлелі үшін 10 миллион доллар – манипуляция

Бұл жағдайда жердің шар тәрізді екенін дәлелдегені үшін белгіленген марапатты мысал ретінде келтіріп өтуге болады. Ұшқыш мұны математикалық есептеулер арқылы теориямен дәлелдеп қана қоймай, планетамыздың пішіні шар тәрізді екенін растайтын өзі салған жолды ұшып өткеннен кейін де оған ешқандай марапат берілген жоқ.

Демек, таратылған ролик фейк болып табылады және онда шынайы ақпарат жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button