Fake News

Фейк: «КВИ қарсы вакцина алған балалар сабақта өздерін нашар сезінген»

WhatsApp мессенджерінде Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында COVID-19 қарсы вакцина алған балалар сабақ кезінде өздерін нашар сезінгені туралы ақпарат тарады. Хабарлама авторының айтуынша, оқушылар вакцинациядан кейін бірден ауырып қалған. Бұл өтірік.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы КВИ қарсы егілген балалардың ауырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

– 2021 жылғы 21 қарашада Тимирязев ауданы бойынша 9 бала Pfizer (АҚШ) компаниясының Comirnaty вакцинасымен егілді. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Тимирязев ауданы білім беру бөлімінің басшысы және Тимирязево мектеп-гимназиясының директоры хабарлағандай, бұл ақпарат расталған жоқ, – деді ведомстводағылар.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button