Фейк: «Түркияда вакцинацияланған аналардан туған балалардың құйрығы, түгі бар және қол-аяғы көп»
Telegram-чаттарда Түркияда жүктілік кезінде КВИ қарсы вакцина салдырған әйелдерден мутант балалар туылғаны туралы ақпарат таратылуда. Нәрестелердің құйрығы, түгі бар және қол-аяғы көп. Бұл жалған.
Moderna Pfizer/BioNTech өндірген вакциналармен егілген аналардан туылған мутант балалар туралы түрік әл-ауқат партиясының төрағасы Фатих Эрбакан хабарлаған. Ол теледидарда сөйлеген сөзінде COVID-19-ға қарсы мРНК вакциналары адамдардың ДНҚ өзгертеді, бұл мутант балалардың дүниеге келуіне себеп болады деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол ерекше сәбилердің суреттерін көрсетті.
Шын мәнінде, фотосуреттердің ешқайсысы вакциналармен және COVID-19 пандемиясымен байланысты емес. Құйрығы бар бала бейнеленген алғашқы сурет графикалық редакторлардың көмегімен жасалған. Суретті 2009 жылы фотограф Саймон Стоун шығарып, өңдеген.
Денесін түк басқан бала бейнеленген екінші фотосуреттің де вакциналарға еш қатысы жоқ. Суреттегі бала гипертрихозбен немесе «қасқыр синдромымен» туған. 2019 жылы Испанияда бірден 16 бала осы ауруға душар болған. Кейіннен белгілі болғандай, олардың барлығы қасқабастануға қарсы дәрі қабылдаған.
Эрбакан көрсеткен үшінші фотосуретте 2016 жылы Үндістанда дүниеге келген сиам егіздері бейнеленген. Жаңа туған ұл мен қыздың ортақ мүшелері көп және екі аяғы ғана болған, сондықтан оларды бөлу мүмкін болмады.
Ұсынылған суреттер COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін түсірілген және осы ауруға да, оған қарсы вакциналарға да ешқандай қатысы жоқ.
КВИ-ге қарсы иммундау препараттары ДНҚ тұрғыдан өзгерте алады деген теория конспирологиялық және ғылыми фактілерге қайшы келеді. Бұған дейін біз вакциналар адам геномына әсер етпейтіні туралы егжей-тегжейлі жазған болатынбыз.
COVID-19 вакцинасы адамдардың ДНҚ-сын өзгертіп, зомбиге айналдырады – фейк
Демек, аналарды егу нәтижесінде туылған мутант балалар туралы ақпарат фейк болып табылады.