Fake News

Фейк: «Ата-бабаларымыз вирустан қорғайтын және таза энергия өндіретін технологияны меңгерген»

Танымал қазақстандық Telegram-арналардың бірінде өткен жылдардың құпия технологиялары туралы баяндайтын бейнеролик таратылуда. Видео авторының айтуынша, ата-бабаларымыз сынап пен алтын қоспасы арқылы вирустардан қорғалған және таза энергия өндіре білген. Олар оны ғимараттардың шатырларына және жиһаздарға арнайы құрылымдарға салған екен. Бұл жалған.

Алдымен сынап пен алтынның қоспасы не екенін анықтайық, оны бейнеде «қызыл алтын» деп атайды.
Шын мәнінде, бұл екі түрлі зат. Сынап пен алтынның қоспасы амальгама деп аталады. Амальгама – алтын тазартудың ең көне тәсілі. Бұл әдіс қазір де пайдаланылады.
Сынап қосылған кез келген басқа металдардың қорытпаларын амальгама деп атайды. Қазіргі уақытта амальгаманы стоматологияда пломбалар жасау үшін, сондай-ақ айна мен люминесцентті лампалар өндірісінде қолданылады.
Мұндай қорытпа вирустардан қорғамайтыны және таза түрінде энергия өндірмейтіні анық.
Қызыл алтын (Червонное золото) – бұл ең жоғары сынамадағы таза алтын. Ол ескі славян тілін қолдану кезінде осылай аталып кетен. «Червоний» сөзі «қызыл» дегенді білдіреді, бұл қазіргі кезде тек түсті ғана емес, «әдемі» сын есімін де білдіреді. Алтынның бұл түрі «червонцы» деп аталатын монеталардың белгілі бір түрін жасау үшін қолданылған. Бұл сөз осы уақытқа дейін кеңінен қолданылып келді, бірақ монетаны емес, номиналы 10 рубльдік қағаз ақшаны білдірген.
Қоспаларсыз, таза алтын да адамдарды аурулардан қорғауға және энергия көзі бола алмайды.
Енді ғажайып препарат салынған «ыдыстарға» тоқталайық. Видеода әртүрлі сәндік элементтермен безендірілген ғимараттар мен жиһаздардың әртүрлі суреттері көрсетілген. Мәселен, кереуеттің аяғындағы ыдыстар емес, сүйір төбелер – жиһаз бен баспалдақтардың тұтқаларын безендіретін дөңгелек пішінді элементтер бар. Қазіргі кезде оларды, соның ішінде антиквариатты, пайдаланылған заттарды сатуға арналған әртүрлі интернет-сайттардан табуға болады. Олардың ішінде жұмбақ зат жоқ. Көбінесе безендірілетін нәрсеге байланысты ағаштан, тастан немесе бетоннан жасалған.
Ғимараттардың фотосуреттерінде әртүрлі сәулет элементтері, мысалы, шатырұштар мен сәндік бағаналар бейнеленген. Бұл элементтер осы күнге дейін сәулет өнерінде қолданылып келеді және әдетте сәндік безендіруден басқа ешқандай қызмет атқармайды.
Басқа суреттерде пинакли – өрнекті сүйір арқамен көмкерілген сәндік мұнаралар – тостағандарға ұқсайтын қырлы шатырлар. Бұл элементтер сәулет өнеріндегі готикалық стильге тән, оның гүлденуі XII-XVI ғасырлар аралығында болған. Сол кездегі орташа өмір сүру ұзақтығы 35 жыл болғанын және бубонды оба пандемиясының Еуропа халқының үштен бір бөлігін жойғанын ескерсек, адамдардың өздерін аурулардан қорғайтын және күш-қуат беретін құпия затқа ие болғандарына сену қиын. 
Демек, видеороликте айтылған теорияға ешқандай дәлел жоқ. Алтын мен сынаптың қорытпасы амальгама деп аталады, ол адамзатқа бұрыннан белгілі және таза энергия көзі бола алмайды және адамдарды аурулардан қорғамайды. Фотосуреттерде көрсетілген сәулет және жиһаз элементтері сәндік болып табылады және адамзатқа бұрыннан белгілі, сонымен қатар, олардың көбі қазір де қолданылып жүр.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button