Fake News

Фейк: «COVID-19 – бұл жыланның уымен улану»

Қазақстандықтар дәрігер Мурадин Узденовтың COVID-19 – бұл жылан уымен улану деп мәлімдеген видеосымен бөлісуде. Улану мен вирустық аурудың белгілері өте ұқсас, ал жылан шаққанда қолданылатын ем КВИ жұқтырғанда аса тиімді екендігін көрсетеді екен. Бұл олай емес.

Доктор Мурадин Узденов бұған дейін де дәлелденбеген мәлімдемелер жасаған. Ол лидокаин екі күнде COVID-19 емдей алатындығы туралы айтқан болатын. Бірақ бұған ешқандай ғылыми дәлелдер келтірген жоқ, сонымен қатар ол «құтқаратын» препараттар қатарында аурудың ағымын ушықтыруы, тіпті өлімге әкелуі мүмкін дәрілерді атаған.

Оның мәлімдемесін украиналық фактчекерлер жоққа шығарды, бұған қарамастан Узденов КВИ емдеуде лидокаин «тиімді» деген қорытынды жасады.

Оның айтуынша, ол атап шыққан басқа да дәрі-дәрмекпен бірге бұл препарат жыланның кейбір түрлерінің уында болатын А2 фосфолипаз молекулаларына әсер етсе, COVID-19 да жыланның уымен улану сияқты.

Шын мәнінде, бұл қорытынды түбегейлі дұрыс емес. COVID-19 қоздырғышы – SARS-CoV-2 коронавирусы. Оның геномы толығымен ашылған және баршаға қолжетімді. Микроскоппен түсірілген вирустың фотосы да Желіде жарияланңан.

COVID-19 белгілері де жыланның уымен улану белгілерінен өзгеше. Жылан шаққанның белгілері: тыныс алудың тоқтап қалуына әкелуі ықтимал паралич; қан кетудің бұзылуы орын алуы мүмкін, бұл өз кезегінде өлімге әкеледі; қайтымсыз бүйрек жеткіліксіздігі; аяқ-қол ампутациясы нәтижесінде тіндердің ауыр зақымдануы және өмірлік мүгедектік. Айта кетейік, балаларды дене салмағының аз болуына байланысты жылан шақса, мұның салдары ауыр болады.

Ал КВИ белгілері жөтел, ентігу, бұлшықеттің ауруы, дәм мен иіс сезудің жоғалуы және т.б.. Бұл ретте балалар ересектерге қарағанда COVID-19 жұқтыруға бейім емес, ал жыланның уымен уланғанда керісінше болады.

Сонымен қатар Доктор Узденовтың айтуынша, жыланның уымен улану ауыр металдармен улануға ұқсайды. Бұл мүлдем олай емес. Ауыр металдармен және олардың туындыларымен уланудың көріністері науқастың немен уланғанына байланысты болады. Мысалы, мырышпен уланған кезде адамдар аузында тәтті дәм сезінеді, ал бірнеше сағаттан кейін кеудесі қысып, құрғақ жөтел, ұйқышылдық және қалтырау пайда болады.

Ал басқа ауыр металл сынаппен уланудың белгілері: діріл, ұйқысыздық, есте сақтау қабілетінің жоғалуы, жүйке-бұлшықет бұзылулары, бас ауруы, сондай-ақ когнитивті және моторлы дисфункция.

Дәрігер айтқан емдеу схемасының тиімділігі дәлелденбеген және көп жағдайда Қазақстанда қабылданған КВИ емдеудің ресми хаттамасына қайшы келеді.

Айта кетейік, COVID-19 – бұл жыланның уымен улану деген теориялар кейбір жыландардың уы COVID-19-бен күресуде тиімді болуы мүмкін деп болжауға негіз болатын жаңа зерттеулерге қайшы келеді. Қазіргі кезде ғалымдар осы бағытта қосымша зерттеулер жүргізуде.

Демек, COVID-19 қоздырғышы жылан уы деген болжамдар дұрыс емес. Бұл ауру SARS-CoV-2 вирусын тудырады. Оның белгілері жыланның уымен уланудан айтарлықтай ерекшеленеді. Видеодағы адам айтқан КВИ емдеу жолы дәлелденбеген және Қазақстанда қабылданған ауруды емдеу хаттамасына қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button