Фейк: «Анасы жөтелге қарсы шәрбатты сүтке қосып беріп, балаларын кездейсоқ өлтіріп алған»
WhatsApp-та жөтелге қарсы шәрбатты сүтке қосып беріп, төрт баласын кездейсоқ өлтіріп алған ана туралы ақпарат тарады. Бұл – бұрынғы фейк.
Бұл оқиға Желіде 2019 жылы тарала бастады. Алдымен ағылшын тілді сегментте шықты, кейіннен басқа тілдерге, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріне аударылды. Бұл хабарлама БАҚ-та бірнеше рет теріске шығарылды.
Оған ешқандай дәлел жоқ. Кейбір дәрі-дәрмектерді сүтпен араластырған кезде олардың тиімділігі біршама төмендеуі мүмкін, бірақ мұндай қоспа өлімге әкеле алмайды.
Дегенмен, кейде дәрігерлер препараттың ащы дәмін бейтараптандыру үшін кейбір дәрі-дәрмекті қабылдағаннан кейін балаларға сүт беруді ұсынады.
Яғни, жөтелге қарсы шәрбатты сүтке қосып ішу өлімге әкелмейді. Дәріні сүтпен беріп, балаларын кездейсоқ өлтіріп алған ананың оқиғасы расталмаған ескі фейк болып табылады.