Fake News

Фейк: «ПТР талдау жиынтықтарына бедеулік тудыратын канцерогендер сіңдірілген»

Telegram мессенджерінде пайдаланушылар ПТР талдауына биоматериал жинауға арналған жиынтықтарға канцероген болып табылатын және бедеулік тудыратын этилен оксиді сіңдірілген деген ақпаратты талқылауда. Бұл жалған.


Этилен оксиді – бұл таза күйінде қауіп төндіретін газ. Дегенмен, адамзат оны өзіне зиян келтірмейтіндей қолдануды үйренді. 1950 жылдардан бастап этилен оксиді медициналық құрал-жабдықтар мен аспаптарды, соның ішінде жоғары температурада немесе агрессивті ортада зарарсыздандыруға болмайтын пластик және басқа материалдардан жасалғандарын зарарсыздандыру үшін қолданылып келеді. 
Бұл ретте құрал-жабдықтар мен қондырғыларда стерильдеу нәтижесінде газ бөлшектері қалмайды. Процедурадан кейін заттар азотпен және таза ауамен өңделеді, олар заттардың бетіндегі этилен оксидінің қалдықтарын тазартады. Содан кейін зарарсыздандырылған заттар газсыздандыру кезеңінен өтеді, яғни зарарсыздандыратын заттың қалдықтарын жояды. Бұл процесс арнайы жобаланған бөлмеде жасалады.
ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті этилен оксидімен зарарсыздандырудың қауіпсіз екендігіне қатысты пікірін бұған дейін білдірген болатын.
«Этилен оксидімен стерильдеу арнайы жабдықты пайдалана отырып жүргізіледі. Стерильденетін заттарды герметикалық жабылатын контейнерлердің немесе бокстардың ішіне салынып, қоспа буымен өңделеді. Газбен өңделгеннен кейін аэрация (газсыздандыру) процесі басталады, оның мәні газ қоспасының қалдықтарын «жою» болып табылады. Бұл ретте адам денесіне 30 минутқа дейін жанасатын медициналық бұйымдар (шприц, пластик немесе ағаш қалақша, тампон) үшін аэрация уақыты 12 сағатты. Егер медициналық өнім адамға 30 минуттан артық қолданылатын болса, 24 сағатты құрайды. Имплантацияланатын бұйымдар (кардиостимуляторлар) кемінде 72 сағат аэрациялауға жатады», – деп түсіндірді ведомстводағылар.
Сондай-ақ, Қазақстанда ISO 10993-7-2016 сәйкес өнімдегі этилен оксидінің қалдық құрамын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының токсикологиялық зертханаларында уәкілетті сараптамалық ұйымдардың биологиялық материал алу үшін зондтар партияларында ішінара зерттеу жүргізіп жатқаны хабарланды.
Мұндай стандарттар әртүрлі елдерде әзірленген. Этилен оксидін қолдану бойынша ұсыныстар АҚШ, Австралия және Еуропа елдерінде жасалған.
Сонымен, этилен оксидімен зарарсыздандырылған құралдарда денсаулыққа зиян келтіретін газ бөлшектері қалмайды. Осылайша тазартылған заттарды пайдалану қауіпсіз және бедеулік пен басқа ауруларды тудырмайды. Этилен оксидімен зарарсыздандыру ең сенімді болып саналады және көптеген дамыған елдерде қолданылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button