Фейк: «Оқушылардан саусақ іздерін алып, бетін сканерлейді»
Қазақстандық ата-аналар оқушылардың саусақ іздерін алып, бетін сканерлейтіні туралы ақпарат таратуда. Бұл туралы кейбір мектептерде ескертілген екен. ҚР Білім министрлігі бұл қауесетті жоққа шығарды.
Ведомство саусақ іздерін алу және мектеп оқушыларының бетін сканерлеу туралы ақпарат фейк деп атады.
– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Мектептерде қауіпсіздікті күшейту шаралары ғана жүргізілуде. Бұл туралы ведомство Қазан қаласында орын алған оқиғалардан (терракт) кейін мәлім еткен болатын. «Оқушыла сканерден өткізілмейді және олардан саусақ іздері алынбайды», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Бұған дейін біз КВИ-ге қарсы вакцинацияланбаған ата-аналардың балаларын сабақтан жасырын түрде белгісіз бағытта алып кетеді деген фейкті терістеген болатынбыз.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.