Fake News

Өтірік және манипуляция: «Вакциналардың эпидемиологиялық тиімділігі әлі дәлелденбеген»

Қазақстандық пайдаланушылар коронавирусқа қарсы вакциналардың тиімділігі дәлелденбегені туралы ақпарат таратуда. Бұған антиденелердің бекітілген қорғаныс деңгейі жоқ екендігі дәлел болады екен. Авторлар деректермен манипуляция жасауда, неге екенін айтып берейік.


Хабарламаға Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің жеке тұлғаға берген жауабының скрині тіркелген. Жауапқа қарасақ, талдау SAR-Cov-2 вирусына G және M класты иммуноглобулиндердің болуын көрсетсе, егілу керек пе, жоқ па деген сұраққа берілгенін түсінуге болады. Оған ведомство: «Қазіргі уақытта антиденелердің бекітілген қорғаныс деңгейі жоқ. Мұндай параметрді әзірлеу бойынша жұмыстар зерттеу сатысында және әлі қабылданған жоқ, оның ішінде ДДСҰ-мен. Осылайша, Sar-Cov-2 вирусына G және M класты иммуноглобулиндердің болуы жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинацияға қарсы көрсетілім болып табылмайды».
Автор ақпараттың бір ғана бөлігін әдейі бөліп көрсетіп, қорытынды жасайды: «Бұл вакциналардың эпидемиологиялық тиімділігі әлі ДӘЛЕЛДЕНБЕГЕНІНІҢ белгісі. Вакциналардың иммуногенділігі (антиденелердің өндірілуіне себеп болу қабілеті) антиденелердің қорғаныш деңгейі БЕЛГІЛІ БОЛСА ғана, оның профилактикалық тиімділігін көрсетуі мүмкін».
Иммуногенділік пен тиімділік синоним емес.
Тиімділік вакцинаның қаншалықты жақсы әсер ететінін көрсетеді. Ол вакцинаның аурудың дамуын болдырмау, ауыр ағым мен аурудан болатын өлімді азайту қабілеті арқылы өлшенеді.
Иммуногенділік вакцинаның қандай иммундық реакцияны тудыратынын және уақыт өте келе оның қалай өзгеретінін көрсетеді.
Коронавирусқа қарсы антиденелер көрсеткіштерінің стандарттары әлі анықталған жоқ. Себебі осы уақытқа дейін антиденелердің деңгейі қаншалықты тез төмендейтінін дәл анықтау мүмкін болмай отыр. Бірақ бұл вакциналардың эпидемиологиялық тиімділігі дәлелденбегенінің белгісі емес.
Pfizer/BioNTech вакцинасының тиімділігі 91%, Moderna – 94%, AstraZeneca – 74%, Спутник V – 92%, Синофарм (Hayat-Vax) – 73% екенін көрсеткен мәліметтер бар.
Тиімділік вирус нұсқасына байланысты өзгеруі мүмкін.

Вакцинация деңгейі жоғары елдер COVID-19 қарсы вакциналардың тиімділігіне мысал бола алады. Канадада жаппай иммундау нәтижесінде ауру жұқтырудың жаңа жағдайларының саны 2020 жылдың қыркүйегіндегі деңгейге дейін төмендеді. Израильде ауыр жағдайлардың, ауруханаға жатқызудың және өлім-жітімнің күрт төмендегені байқалады. Ұлыбританияда да сырқаттанушылық деңгейі айтарлықтай азайғаны тіркелді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button