Фейк:«АҚШ ПТР сынақтарын қолданылмайды, өйткені олар КВИ-ді тұмаудан ажырата алмайды»
Қазақстандықтар АҚШ-та ПТР тесттерін қолдану тоқтатылатыны туралы жаңалықпен бөлісуде, өйткені олар адамның COVID-19 немесе маусымдық тұмаумен ауырғанын анықтай алмайды. Шын мәнінде, мұндай шешім АҚШ-та да, басқа жерде де қабылданбаған.
Бұл фейк ағымдағы жылдың 21 шілдесінде АҚШ ауруларды бақылау және алдфн алу орталығының (CDC) сайтында жарияланған зертханаларға арналған ескертуді дұрыс түсіндірмеуден шыққан.
Онда агенттік бұрын 2019-nCoV RT-PCR ПТР сынақтарын қолданған зертханалар мен тестілеу орталықтарына COVID-19 анықтайтын талдаудың басқа түріне ауысу ұсынылады.
Алайда, бұл қазіргі қолданыстағы сынақтар СOVID-19 тұмау мен басқа аурулардан ажырата алмайды дегеннің белгісі емес.
Дәл сол ескертуде CDC зертханаларды COVID-19 және маусымдық тұмауды анықтауға мүмкіндік беретін заманауи, мультикешенді ПТР тестілеу әдісіне көшуге шақырады.
«Мұндай талдаулар тұмауға да, SARS-CoV-2 де тестілеуді жеңілдетеді және тұмау маусымы қарсаңында уақыт пен ресурстарды үнемдейді», – делінген мәтінде.
Reuters жаңалықтар агенттігі CDC-тен түсініктеме алды.
-2019 жылғы жаңа коронавирусқа (2019 nCoV) арналған нақты уақыттағы RT-PCR диагностикалық панелі маңызды қажеттілікті қанағаттандырды және ешқандай өнімділік мәселелерін көрсетпеді. ( … ) Өткізу қабілеті жоғары басқа мультиплексті тесттердің пайда болуымен бұрынғы тестке сұраныс төмендеді», – деді орталық өкілі Жасмин Рид.
АҚШ-та ПТР тестілеуі оның КВИ-ді тұмаудан ажырата алмауына байланысты тоқтатылатындығы туралы ақпаратты Денсаулық сақтау қызметі де жоққа шығарды.
Жарияланымда осы уақытқа дейін қолданылған ПТР тестілер ешқандай проблемалар мен кемшіліктерді көрсетпегені айтылған. Алайда, бүгінгі таңда өткізу қабілеті жоғары және бір уақытта бірнеше патогенді, атап айтқанда SARS-CoV-2 коронавирусын және тұмау қоздырғышын анықтауға мүмкіндік беретін басқа талдау әдістері әзірленді.
Сондай-ақ авторлар CDC сайтында жарияланған ескерту тек 2019-nCoV real-Time RT-PCR сынақтарына ғана қатысты екенін атап өтеді. Ол COVID-19 анықтайтын басқа ПТР сынақтарына қатысты емес.
ПТР тестілер COVID-19 басқа аурулардан ажырата алмайды деген теорияны біз бұған дейін жоққа шығарған болатынбыз.
Фейк: «ПТР-тестілер өткір фазадағы кез келген ЖРВИ-ді анықтайтындықтан тиімсіз болып табылады»
Қорыта айтқанда, CDC ПТР сынақтарынан бас тартуды емес, оны жаңаларымен алмастыруды ұсынған. Бұл шешім ПТР тестілері COVID-19 тұмаудан ажырата алмайтындығына емес, қазіргі заманғы талдау әдістерінің бірнеше патогенді анықтау қабілетіне байланысты.