Медициналық фейктер

Фейк: «Пияз коронавирус жұқтырудан қорғайды»

Әлеуметтік желі қолданушылары пияз коронавирус жұқтырудан қорғайды деген ақпарат таратуда. Бұған ғылыми дәлелдер жоқ.

«Қытай дәрігерлері ашқан жаңалық» атты хабарламада індет кезінде әр бөлмеге қойылған аршылған пияздың арқасында коронавирус жұқтырмаған отбасы туралы айтылады. Оқиға сол пиязды зерттеген және «бактериологиялық әдісті қолдана отырып, пияздың беті белсенді емес вирустар мен микробтарға толы болғанын анықтаған» дәрігер туралы.
Шын мәнінде, бүгінде пияздың коронавирусты жұқтырудан қорғау және вирустарды сіңіру қабілетін растайтын зерттеулер жоқ. Бірақ 1919 жылы пияздың арқасында испан тұмауынан аман қалған отбасы жайлы өте ұқсас бір оқиға бар. Бұл фейк 2015 жылы белсенді түрде таратылды. Онда да «вирус сіңірген» пиязды зерттеген дәрігер туралы айтылған.
Ньюкасл университетінің молекулалық тамақтану жөніндегі маманы Эмма Бэккет AAP FactCheck-ке пияз вирустар мен бактерияларды сіңірмейтінін айтты: «Бұл тұжырымды растайтын ешқандай дәлелдер жоқ…. Егер бұл шын болса, онда пиязды жеу қаншалықты қауіпті болатынын ойлап көріңіздерші».
Ауру адамның жанына қойылған пияздың қарайып кететінін Бэкетт көкөністің бүлінуімен түсіндірді.
«Кез келген өсімдік тамағын жинап алғаннан кейін, оның энергия көзі таусылады, жасушалар ыдырай бастайды. Осы кезде бактериялар өсіп, шіри бастайды. Бірақ өнімді науқастың жанына қойсаңыз, бұл осы процестің жылдамдығына әсер етпейді», – деп түсіндірді Эмма Бэккет.
Айта кетейік, пияздың кейбір пайдалы қасиеттері бар. Халық әдістері туралы мифтерді талдай отырып, біз сарапшымен пиязды тураған кезде бөлінетін фитонцидтердің әсері жайлы әңгімелескен едік.
Медицина ғылымдарының кандидаты Галина Еремичеваның айтуынша, пияз-сарымсақ қоспасы патогендік микробтардың көп түрін, сондай-ақ зеңді жоятын ұшпа заттарды бөліп шығарады. Бірақ ол тек 10-15 минут ішінде және аса үлкен концентрацияда ғана тиімді.

Халық медицинасы: қайсы әсер етеді, қайсы қауіпті

Пияздан бөлініп шығатын заттар Sars-cov-2 вирусын жоятынын растайтын зерттеулер де жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button