Fake News

Манипуляция: «Спутник-V» жарамсыз ғимаратта әзірленген»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Н. Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығына тиесілі ғимараттың суреттерімен бөлісуде. Суретте сылағы опырылып түскен, карнизде өскен ағаш көрсетілген. Иллюстрацияларға: «Бұл жерде бірдеңе ойлап табуға болатынына сенесіз бе?» деп жазылған. Мұның бәрі –манипуляция.


Әлеуметтік желіде жарияланған суреттер сериясында мекен жай көрінеді: Гамалея к-сі, 25. Н. Ф. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы басқа мекен жайда орналасқан – Гамалея к-сі, 18. Бұл туралы орталықтың ресми сайтында айтылған. Гамалея ат. ҒЗО ғимаратының шын суретін Желіден табуға болады.
Демек, Спутник-V вакцинасы әлеуметтік желілерде көрсетілген ғимаратта әзірленбеген.
Суреттер сериясында «Медгамал» орталығының филиалы көрсетілген. Мекеме өнімдерінің тізімінде COVID-19-ға қарсы вакцина жоқ.  Ішкі орын жайлар мен зертханалардың фотосуреттері қолжетімді.

Осылайша, фотосуреттерде Н. Ф.Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының ғимараты емес, оның Медгамал филиалы көрсетілген. Онда «Спутник-V» вакцинасы шығарылмайды. Суреттерде филиалдың, ішкі орын жайлардың және зертханалардың техникалық жабдықталуы көрсетілмеген және бұл манипуляция болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button