Fake News

Манипуляция: «Желіде әлемдік элитаның гендік және геномдық инженерия бойынша жоспарлары жарияланды»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған бейнеролик авторы әлемдік элитаның «шайтандық трансгуманистік жоспарлары» жариялаеды деп мәлімдейді. Бұған «дәлелдер» әлемдік экономикалық форумның сайтынан табылған. Бұл манипуляция.

Ролик авторы кадрда Дүниежүзілік экономикалық форумның сайтын көрсетеді. Ашық парақшадан өзгермелі даму картасы көрінеді, онда «гендік және геномдық инженерия» деп белгіленген нүкте бар. Бейне авторы бұл әлемдік элитаның «шайтандық трансгуманистік жоспарлары», яғни адамдардың геномын өзгерту және мутант жасау жоспарлары деп тұжырымдайды. Бұл жалған. Неге екенін қазір түсіндіреміз.
Дүниежүзілік экономикалық форум әзірлеген «Ұлы қайта жүктеу» бағдарламасы туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Фейк: «Билл Гейтс, Джордж Сорос және басқа миллиардерлер әлем бойынша жеті миллиардтан астам адамды өлтіруді жоспарлап отыр»

Ол табиғатқа ұқыпты қарау, бизнес, денсаулық сақтау және т.б. сияқты өмірдің көптеген салаларын трансформациялауға бағытталған. Бастамада адамзатты құл ету немесе адамдарды мутанттарға айналдыру жоспарлары қарастырылмаған.
Дүниежүзілік экономикалық форумның сайтында гендік және геномдық инженерия туралы ақпарат бар екендігі рас. Бұл терминдер биотехнологияға арналған трансформациялық картада келтірілген. Алайда, адамның гендерін өзгертіп, зиян келтіру жайлы еш жерде айтылмаған. Картада гендік және геномдық инженерияны ғарышты игеру, жаһандық денсаулық сақтау, индустрияландыру, нақты медицина және инновациялар салаларында дамыту жоспарланғаны көрсетілген.
Тарихта гендік инженерияны адамдарда сәтті қолданған жағдайлар белгілі, бұл әдісті қолдана отырып, ол бұрын емделмейтін болып саналған дертке шипа болған. Ол кезде Қытайда ата-анасынан берілген АИТВ вирусын жұқтырған ЭКҰ көмегімен жасалған эмбриондар емделген.
Дегенмен, гендік инженерия оны қолдану қаншалықты этикаға сай екендігі туралы пікірталас толастар емес. Сондықтан оны кеңінен қолдану туралы айтуға әлі ерте.

Осылайша, бейнеде айтылған болжамдар манипуляция болып табылады. Гендік және геномдық инженерия Дүниежүзілік экономикалық форумның даму карталарында көрсетілген, бірақ оны адамдарға зиян келтіру, оларды құлдықта ұстау үшін пайдалану жоспары бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button