Жұлдыздар «жанғанда» – коронавирус туралы фейктерд кім таратты
Коронавирус (COVID-19) пандемиясы жарияланғалы жарты жыл болды. ДДСҰ мәліметінше, 2020 жылдың 19 тамызында әлем бойынша 22 млн астам адам індетті жұқтырған, 780 мыңы көз жұмды. Қазақстанда вируспен ауырғандар саны 100 мыңнан асады.
Вируспен күрес екі бағытта жүргізіліп жатыр – медициналық және ақпараттық. COVID-19 пайда болғалы медиа кеңістігі түрлі қауесеттерге, қастандық туралы теорияларға, фейк жаңалықтарға толды, осының барлығы көбінесе ақпараттық саботажбен қатар жүреді. Адамдар аурудың барын жоққа шығарып, өзгелерді өз жағына тартады. Мұндай адамдарды бүкіл әлемде ковидиоттар деп атайды.
StopFake редакциясы қазақстандық әлеуметті желілерге талдау жасап, коронавирус туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату арқылы көзге түскен пайдаланушылардың аккаунттарын іріктеп алды.
Шоқан Маратұлы
Мысалы, белгілі әнші Шоқан Маратұлы. Көктемнен бастап ол өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында түрлі қастандық теориялары туралы жазуда – «псевдокоронавирус шашатын тікұшақтар», «қауіпті 5G желілері», «халық санын қысқартуға бағытталған «алтын миллиард» теориясы», «мәжбүрлі вакцинациялау және адамдарды чиптеу». Осының барлығын оның Instagram-дағы @Shokan_maratuly парақшасынан көре аламыз.
Бұдан басқа, шоу-бизнес жұлдызы ҚР Президенті 2020 жылдың 7 шілдесінде қол қойған жаңа «Денсаулық туралы кодекс» мәселелерін белсенді талқылауда
StopKodex
Instagram-дағы бұл аккаунт толықтай «Денсаулық туралы кодекске» арналған, дәлірек айтқанда оны құжатқа наразылық білдірушілер пайдаланады. Пандемия кезеңінде бұл парақшада коронавирус мәселесі аса өзекті. Паблик авторлары түрлі теорияларды алға тартып, оларды петиция түрінде рәсімдейді және экономикалық-белсенді халықты карантиндік шараларды елемеуге үндейді. Мысал ретінде, «Үкіметті коронавирустың екінші толқынына жаһандық әрі тыңғылықты дайындығы» туралы постты келтіруге болады.
Say Mo (Мөлдір Есембек)
Әнші әрі инста-дива шілде айында карантин кезінде әпкесінің ұзатуына барған және осы шарада түскен бірнеше суретті желіде жариялаған. Жазылушылар әншінің санитарлық нормаларды елемеуіне не себеп болғанын оқығанда таң қалды.
«Біздің елде ковид айтарлықтай болған да жоқ. Жалған ақпараттар таратылды, мемлекет үшін бюджет алатындай вирус бойынша статистиканы бәрібір де көтере алмады», – деп жазады рэп-орындаушы.
Бірақ бірер уақыттан кейін қатты сынға ұшыраған соң Say Mo фотосуреттер мен пікірлерді өшіріп тастады.
Қуат «Найман» Хамитов
Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов та өзінің Instagram-аккаунтын тазартқан. Пандемия басталғалы қазақстандық спортшы коронавирустың барын жоққа шығаратын видеолар жариялап, пікірлер айтып, отандық денсаулық сақтау саласын сынға алған болатын.
«Достар, осы коронавирус туралы айтпайықшы! Біріншіден, егер бұл вирус рас бар болса, онда 3 айдың ішінде, кем дегенде, Алматының жартысы өлер еді! Ары кетсе, барахолка мен Жаркент! Себебі вирус желтоқсан айында шықты… Екіншіден, біз кеш қимылдай бастадық, медицинамыз нашар, олар осы күнге дейін басқа аурулардың нақты белгілерін анықтай алмай келеді және бұл дәрігерлердің кінәсі емес, біздің жүйе сондай!
Үшіншіден, бұл вирус туралы байбалам салып жүрген елдер, бұл елдерде саяси проблемалар бар екенін біліп жүріңіздер, олар мұны адамдар көшеге шықпасын деп өз мүдделеріне сай пайдаланып отыр! Экономика, сайлау, доллардың көтерілуі, билік үшін күрес, мұнай құрыды. Төртіншіден, жоқ вирусты сұрап қайта-қайта жазғанды қойыңдар! Айтпақшы, екпе жасатушы болмаңдар…», – деп жазды Хамитов өз парақшасында.
StopFake редакциясы диалог орнатуға дайын. Егер қастандық теориясына сенсеңіз немесе бұған «нақты дәлелдеріңіз» болса, бізге хабарласыңыздар, талқылап көрейік.