Fake News

Фейк: «Германияда клиника директоры COVID-19 қарсы вакциналардың қауіпсіздігі туралы өтірік айтқаны үшін өз-өзіне қол жұмсаған»

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар Хемница қалалық клининкасының директоры, доктор Томас Йенджестің қайтыс болғаны туралы ақпарат таратуда. Пайдаланушылардің айтуынша, дәрігер COVID-19 қарсы вакциналардың қауіпсіздігі туралы өтірік айта алмағаны үшін өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы ол өзінің өлім алдында қалдырған хатында жазған екен. Бұл фейк.


Доктор Томас Йенджес биыл 2 қарашада қайтыс болды. Оның өлімі туралы неміс БАҚ-тары хабарлады, олар дәрігердің өзін-өзі өлтіргенін растады. 
Алайда, одан да, оның жеке заттарының арасынан да өлім алдында жазылған хат табылған жоқ. Бұл туралы 16 қарашада TAG24 хабарлады. 
Мақалада өлім алдында жазылған хат туралы ақпаратты Pro Chemnitz / Free Saxony ультра-оңшылдар тобы таратқаны айтылған. Бірақ полиция баспасөз хатшысы Яна Ульбрихттың айтуынша, өлім алдындағы хат табылмаған.
Медициналық компаниялардың, ауруханалар мен клиникалардың басшыларына арналған KU Gesundheitsmanagement арнайы журналы Томас Йенджестің некрологында дәрігердің өліміне қатысты өтірік ақпарат таратпауға және жала жаппауға шақырды.
– Доктор Томас Йенджестің қоштасу хаты туралы бізде ресми ақпарат жоқ. Өлім алдында жазылған хат болуы мүмкін деген пікірлер – бұл қандай да бір сенімді дереккөзге негізделмеген жеке пікір», – делінген мәтінде.
Демек, неміс клиникасы басшысының өз-өзіне қол салуының себебі вакциналар туралы жалған ақпарат беру болды деген пікір жалған. Оның бұл әрекетіне не себеп болғаны белгісіз, ал вакцинацияға қарсы адамдар айтқан өлім алдында жазылған хат табылған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button