Фейк: «Пандемия жаппай вакцинация үшін жасалды»
Әлеуметтік желі қолданушылары жаңа теориямен бөлісуде. Кейбіреулер COVID-19 пандемиясы қолдан жасалған, ал әлемдік деңгейдегі қастандықтың артында тұрғандардың мақсаты – ерте ме, кеш пе өлімге әкелетін созылмалы ауруларды дамыту үшін барынша көп адамды вакцинациялау деп санайды. Бұл олай емес.
Пандемияның қолдан жасалғаны туралы болжам фактілерге қайшы келеді.
COVID-19 ауруының қоздырғышы – SARS-CoV-2 коронавирусы болып табылады. Ол алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында Қытайда анықталды. 2020 жылдың 7 қаңтарында қытайлық ғалымдар вирусты оқшаулап, оның геномын толығымен ашты. Ол баршаға қол жетімді.
ДДСҰ COVID-19 пандемиясын тек 11 наурызда жариялады. Ол кезде 114 елде 118 мыңнан астам адам ауру жұқтырған болатын, 4291 адам індет салдарынан көз жұмған.
COVID-19 қарсы вакцинамен жұмыс істеу үшін ғалымдардың бірлескен ресми мәлімдемесі ДДСҰ сайтында тек 2020 жылдың 13 сәуірінде жарияланды, құжат соңғы рет 16 сәуірде жаңартылған. Иммундауға арналған препараттарды әзірлеу вирусты күшейтуге емес, оның таралуын және пандемияны тоқтатуға бағытталған.
Бұдан кейін вакцина жасау жұмыстары басталды. 2003 жылы аурудың өршуіне себеп болған SARS-CoV-1 коронавирусына қарсы вакцинаның әзірлемелерінің арқасында препараттар өте қысқа мерзімде жасалды.
Адамдарда жүргізілген алғашқы сынақтар бір жылдан астам уақыт бұрын – 2020 жылдың 5 мамырында қолға алынды.
Жаппай вакцинация науқаны өткен жылдың 8 желтоқсанында басталды.
Пандемия басталғалы бері 9 ай өтті. Қазір әлем бойынша 851.96 миллион адам егілді, бұл бүкіл әлем халқының 10.93% құрайды.
Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанды COVID-19-ға қарсы вакцинация ерікті болып табылады. Индонезияда КВИ қарсы вакцинацияның болуы міндетті. Малайзия да міндетті вакцинацияны енгізуді қарастыруда. Алайда, осы елдердің ешқайсысында адамдарға вакцина көшеде салынбайды, Желі қолданушылары айтқандай, оларды жерге құлатып, күшпен ұстап екпейді.
Айта кетейік, адамдарға клиникалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ жаппай вакцинация науқаны басталғалы жаппай өлім және ауыр созылмалы аурулардың дамуы туралы хабарламалар болған жоқ. Вакцинаға болжамды жағымсыз реакциялар туралы хабарлауға арналған ашық платформалар бар. Пайдаланушылар ақпаратты сол жерде қалдырады. Бұл үшін вакцинация фактісін растау қажет емес. Барлық өтініштерді мамандар тексереді. Бүгінгі күні вакциналардың қауіпті аурулардың дамуымен байланысы анықталған жоқ.
Қорыта айтқанда, коронавирус пандемиясы адамдарды вакцинациялау үшін арнайы жасалған деген пікір дұрыс емес. COVID-19 ауруы оқшауланған нақты вирустың әсерінен болады және оның геномының шифрын ашу баршаға қол жетімді. Пандемия вакциналарды әзірлеуге кіріспес бұрын жарияланды, ал иммундаудың өзі көптеген елдерде ерікті болып қалуда.