Fake News

Құрылғылардың MAC мекен жайлары вакцинацияланған адамдардың коды емес

Instagram қолданушылары өздерінің мобильді құрылғыларында көрінген «вакцинацияланған адамдардың кодтарымен» бөлісуде. Бұл хабарламалар жалған, оларда қастандық теориясының белгілері бар.

Мұндай хабарламалардың авторларының пікірінше, барлық вакцинацияланған адамдар белгілі бір жеке код алады және құрылғылар сияқты сымсыз байланысқа автоматты түрде қосылады. Жақын орналасқан және Bluetooth-ға қосылған басқа ұялы телефондар осы кодты таниды.
Шын мәнінде, пайдаланушылар көрген сандар жиынтығы – бұл Bluetooth арқылы қосылуға болатын жақын орналасқан құрылғылардың MAC мекен жайлары.
MAC мекен жайы – желіге қосылатын әр құрылғының бірегей идентификаторы. Бұл алты жұп әріптер/сандар (алты байттық нөмір), онда өндіруші туралы ақпарат (алғашқы үш үлкен байт) және желілік құрылғы моделі шифрланған.
Егер күйге келтірсеңіз, телефондар да құрылғы деректерінің атауларын көрсетеді.
«Мұндай функция тек Android-та ғана бар. Егер оны өшірсеңіз, телефон құрылғының атын көрсетпей, тек MAC мекен жайын ғана жазады. Ол құлаққап, динамиктер, ақылды құрылғыларды және жақын орналасқан және қосылуға болатын басқа құралдарды көрсетеді», – деп түсіндірді IT-маман Андрей Ващук.


Қастандық теориясын жақтаушылар қауымдастығында жарияланған хабарламалардың бірінде музыкалық bluetooth орталығын DEXP P520 «вакцинацияланған адамның коды» деп ойлап қалған. Пікір білдіргендердің көбі құрылғының атауын тексеріп, оның музыкалық құрылғы екендігіне көз жеткізді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button