Манипуляция: «Халықтың көптігі туралы миф адамдарды бақылау үшін жасалады және қолданылады»
Пайдаланушылар әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде «халық пен ресурстарды бақылау үшін жасалған» деген жарияланымдарды таратуда. Бұған дәлел ретінде жер ауданы мен халық санының есептеулері келтірілген. Бұл манипуляция, өйткені автор «халықтың көптігі» анықтамасын тек халықтың тығыздығының аумаққа қатынасы ретінде қолданады. Сонымен қатар, қастандық теориясының да белгілері бар.
«Егер әлемде бүгінде ресми түрде 7.4 миллиард адам бар деп есептесек, онда… Осы 7.4 миллиардтың БАРЛЫҒЫ бір Техас штатына сыйып кетуі мүмкін», – делінген хабарламада.
Планетада барлық жерлер тіршілік етуге жарамды еместігінен бастайық. Оның үстіне, артық қоныстану қаупі халықтың тығыздығымен ғана емес, сондай-ақ тұтыну мен азық-түлік ресурстарын қалпына келтіру, халықтың экономикалық және әлеуметтік даму қарқынына қатынасы арқылы бағаланады.
Ғалымдар халықтың көптігінің қаупі туралы бұрыннан айтып келеді. Шынында да, медицинаның дамуымен, індеттерді жеңу өлім-жітімді едәуір төмендетіп, адам өмірінің ұзақтығы артты. 1804 жылы Жер халқының саны бір миллиардтан 2020 жылы 7,8 миллиардқа дейін өсті. Бұл ресурстардың сарқылуы, экологиялық және әлеуметтік проблемалардың шиеленісуі сияқты болжамдарды тудырды.
Әрине, зерттеулер, хабарламада айтылғандай, адамдар мен ресурстарды бақылауға үшін жүргізілмеген. Деректер шамадан тыс қоныстануға әкелуі мүмкін мәселелерді шешу жолдарын табу үшін қажет. Ғалымдардың пікірінше, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, экономиканың өсуінің жеделдеуі, өлім-жітімнің төмендеуі, білім берудің жақсаруы және әйелдердің еңбек нарығына енуі халықтың өсу қарқынын төмендетуі ықтимал.
2020 жылдың қазан айында Вашингтон университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, ХХІ ғасырдың екінші жартысында Жер бетіндегі адамдар саны азая бастайды деген қорытындыға келді. Ғылыми журналда жарияланған есептеулер бойынша 2064 жылға қарай халық саны 9,7 млрд адамға дейін өседі. Содан кейін ол төмендей бастайды және ғасыр соңында 8,8 миллиардқа дейін төмендейді.