Fake News

Манипуляция: «Спутник-V» вакцинасының тиімділігі небәрі 0,93%»

Telegram-чаттарда қазақстандықтар The Lancet рецензияланатын медициналық журналында жарияланған мақаламен бөлісуде. Онда қолданыстағы COVID-19-ға қарсы вакциналардың тиімділігінің балама есептеулері келтірілген, соған сәйкес «Спутник-V» препараты тек 0,93% тиімді екен. Бұл олай емес.


Мақалада вакциналардың тиімділігі туралы деректерді азайту жағына қарай қайта қарау туралы емес, осы көрсеткішті есептеудің әртүрлі әдістері жайлы айтылады.
Атап айтқанда, автор қазіргі жарияланымдар RRR (relative risk reduction) тәуекелін салыстырмалы түрде төмендету әдісін қолданатынын жеткізеді. Ол вакцинаны қабылдаған адамдар тобындағы және оны қабылдамаған топтағы сырқаттанушылық қаупінің арақатынасын бағалауға негізделеді.
Сонымен қатар, тиімділікті есептеудің балама әдісі – тәуекелдің абсолютті төмендеуі – ARR (absolute risk reduction). Бұл жағдайда мамандар вакцина алған және алмаған топтар ішіндегі және жалпы халық арасындағы сырқаттанушылықтың арасындағы айырмашылықты есептейді.  Бұл ретте NNV (number needed to vaccinate) – вакцина салдыруы тиіс адамдар саны сияқты көрсеткіш те қарастырылады.
RRR және ARR көрсеткіштері арасындағы айырмашылық айтарлықтай болуы мүмкін, бірақ бұл тәсілдердің бірі жалған және дұрыс емес дегеннің белгісі емес. Есептеудің екі әдісі де дұрыс және ғылыми негізделген болып саналады.
Алайда, бүгінгі күні COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандардың саны салыстырмалы түрде аз екенін ескере отырып, RRR әдісімен есептелген тиімділік көрсеткіштері тек бақылау топтарын ғана емес, бүкіл халық есепке алынған ARR көрсеткіштерінен айтарлықтай ерекшеленеді.
The Lancet мақаласында Pfizer–BioNTech препаратының RRR тиімділігі 95% құрайды, ал осы вакцинаның ARR көрсеткіші 0,84% құрайды деп жазылған. «Спутник-V» препаратында бұл көрсеткіштер, сәйкесінше 90% және 0,93% тең.
Сондай-ақ, мақалада әртүрлі вакциналарға арналған NNV көрсеткіштері келтірілген. Олар инфекция жұқтырудың бір жағдайын болдырмас үшін қанша адамды егу керектігін көрсетеді. Pfizer–BioNTech препараты үшін бұл көрсеткіш 117, Moderna – 76, «Спутник-V» – 80 тең.
Айта кетейік, бұл көрсеткіштердің барлығы сенімді және ғылыми негізделген. Олардағы айырмашылықтар тек есептеу әдістерінің өзгешелігіне байланысты.
Мақалада жаппай қолдануға арналған вакциналарды таңдағанда толық және салыстырмалы деректерді ұсынудың маңызды екендігі айтылған. Автор өндірушілерге RRR бағалау жүйесі бойынша алынған деректерді ғана емес, сондай-ақ ARR мәліметтерін де жариялау қажет екенін атап көрсетеді, бұл препараттардың шынайы тиімділігін дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, мақалада қазіргі COVID-19 қарсы вакциналардың тиімсіз және баршаға қолжетімді мәліметтер жалған екендігі туралы емес, қолданылуы тиіс бағалаудың бірнеше тәсілдерінің болуы туралы жазылған.
Автор RRR әдісімен алынған көрсеткіштерге күмән келтірмейтінін, ол тек басқа ғылыми негізделген есептеу әдістерін қолдана отырып, есептеулер жүргізетінін атап өткеніміз жөн.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button