Fake News

Фейк: «ХВҚ COVID-19 қарсы вакцинациядан бас тартқандарды жою жоспарын жасады»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде халықаралық валюта қоры әзірлеген жоспарды талқылауда. Хабарлама авторының айтуынша, құжат COVID-19 қарсы вакцинациядан бас тартқандарды жою және вакциналардың тиімділігіне қарсы ғалымдардың беделін түсіру туралы қадамдық нұсқаулық болып табылады. Бұл фейк.


Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) – бұл қызметі салыстырмалы түрде қысқа мерзімді макроэкономикалық дағдарыстарға бағытталған мамандандырылған мекеме. Ұйымның мақсаттары: валюта-қаржы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға көмектесу; әлемдік сауданы кеңейту және арттыру; валюталардың тұрақтылығын қолдау және т.б..
Денсаулық сақтау проблемаларын шешу ХВҚ міндеттеріне жатпайды.
Қор COVID-19 пандемиясын тек мұқтаж мемлекеттерге көмек көрсету және елдер мен әлемдік экономика үшін экономикалық салдар тұрғысынан ғана қарастырады.
Демек, қор COVID-19 немесе басқа ауруларға қарсы жаппай вакцинация науқаны аясында ешқандай үгіт жұмыстарын жүргізбейді.
ХВҚ-ның ресми сайтында сипаты жағынан Telegram-чаттағы хабарламаға ұқсас құжаттар жоқ. Вакцинацияға қарсы адамдардың беделіне нұқсан келтіру жоспарлары блогтарда да, сайттың жаңалықтар бөлімінде де жоқ. 
Жақында порталда жарияланған құжаттар әлемдегі және кейбір елдердегі пандемиядан кейін экономикалық даму мен қалпына келтіруге қатысты. Вакцинация олардың кейбіреулерінде ғана қарастырылады. Бұл ретте ол туралы тек тең қолжетімділік және барлық адамдарды вакцинамен қамтамасыз ете алмайтын елдерге материалдық қолдау қажеттілігі тұрғысынан ғана айтылады.

Қорыта айтқанда, ХВҚ вакцинацияға қарсы адамдарды жою жоспарлары туралы теорияға негіз жоқ. Олардың сайтында ұйымның осындай іс-әрекеттерін растайтын құжаттар жоқ, сондай-ақ, қаржы ұйымының осындай міндеттемелерді қабылдауына ешқандай себептер жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button