Fake News

ҚР Денсаулық сақтау министрі «Спутник-V» – зерттелмеген вакцина деп мәлімдеген жоқ

TikTok әлеуметтік желісінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысқан ОКҚ өткен брифингтен үзінділер ұсынылған видео тарады. Ол кадрда COVID-19 қарсы вакцина зерттелмеген және оның адамдарға әсері белгісіз дейді. Контекстен қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып жатқан «Спутник-V» препараты туралы айтылып отыр деуге болады. Бұл манипуляция.

Таратылып жатқан роликте көрсетілген брифинг өткен жылы 1 қазанда өткен. Ол кезде министрге қазақстандық Qazvac вакцинасының клиникалық сынақтары және оған жеке өзі қатысқандығы туралы сұрақ қойылған болатын.

– Денсаулық сақтау министрлігі бұл фрагмент Денсаулық сақтау министрі журналистің сұрағына толыққанды жауап берген брифингтің видеосынан үзіп алынғанын хабарлайды. Онда қазақстандық вакцина туралы айтылған. Денсаулық сақтау министрінің брифингте берген толық жауабында қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың барлық кезеңдерінен, тіркеуден, қауіпсіздік сертификаттарынан өтуі тиіс, тек осыдан кейін ғана ол Қазақстанда жаппай қолдануға жіберіледі делінген, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау министрі бүгінде барлық ниет білдіргендерге жаппай салынып жатқан «Спутник-V» вакцинасы туралы айтпаған. Оның сөздері отандық Qazvac препаратын әзірлеуге қатысты болды. Қазіргі кезде вакцина клиникалық зертетулер сатысында. Аралық нәтижелерге сәйкес, ғалымдар ол қауіпсіз және тиімді деген қорытынды жасап отыр.

«Спутник-V» препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген, клиникалық зерттеулер туралы есептер баршаға қолжетімді.

 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button