Fake News

Фейк: «Пандемия – бұл адамдарды жою жоспары»

What ‘ sApp мессенджерінде пандемия – адамдарды жою жоспары екендігі туралы айтылған видео ролик таратылуда. Бұл жалған.

Скриншот

«Жою» туралы теория ПТР талдауын тапсыру арқылы COVID-19 жұқтыруға болады деген тезиске негізделген. Автордың айтуынша, диагноз осындай сынақтан кейін ғана қойылса, тесттің өзі ауруды жұқтыру көзі болып табылады. Бірақ автор талдаудың көбінесе ауру белгілері пайда болғаннан кейін ғана жүргізілетінін ескермейді.

ПТР-тест тапсырып, коронавирус жұқтыруға болады – фейк

Видеодан кейін мәжбүрлі вакцинация туралы айтылады, одан бас тартқаны үшін олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады екен. Бұл негізсіз. Қазақстанда КВИ және басқа да ауруларға қарсы вакцинация тек ерікті түрде ғана жүргізіледі. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 77-бабында ҚР әрбір азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға» құқығы бар.
COVID-19 – шынайы өмірде бар ауру, оның қоздырғыштары SARS-CoV-2 коронавирусының штаммы болып табылады. Әлем бойынша инфекция жұқтыру жағдайлары тіркеліп, кейбір жағдайларда ауру өте ауыр түрде өтіп, өлімге әкелгендіктен індет пандемиясы жарияланды.
Қорыта айтқанда, «адамдарды жою» жоспарлары туралы мәлімдемелер ешқандай негізі мен дәлелі жоқ қастандық теориясы болып табылады. ПТР-тестілеу коронавирустық инфекцияны жұқтыруға ықпал етпейді, ал вакцинация Қазақстанда ерікті түрде жүргізіледі.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button