Fake News

Елдер COVID-19 тест жиынтықтарын 2018 жылы сатып алған жоқ

Қазақстандық пайдаланушылар елдер 2018 жылы COVID-19 тест жиынтықтарын сатып алғаны туралы ақпарат таратуда. Авторлар WITS (World Integrated Trade Solution) сайтының деректеріне сүйенеді, бұл пандемия өздігінен пайда болмағанын дәлелдейді екен. Бұл ақпарат жалған.


Бұл фейк ағылшын тілді фейсбукте 2020 жылы қыркүйек айында шыққан.
Сол кезде оны әлеуметтік желілердің италиялық және австралиялық қолданушылары да таратқан.
Кейін бұл фейктің аудармасы Қазақстанға да жетті. Бұл хабарламалардың әрқайсысында пандемия туралы алдын ала белгілі болды, өйткені COVID-19 сынақтары 2018 жылы сатып алынған делінген.
Бұған дәлел ретінде World Integrated Trade Solution сайтындағы деректер пайдаланылды. WITS- бұл елдер бойынша сауда көлемі, тауарлар мен тарифтер туралы статистика ұсынатын ұйым. Оны Дүниежүзілік банк БҰҰ-мен бірлесіп құрған.
Шын мәнінде, жалған хабарламалар көрсетілген кестеде бүкіл әлем бойынша медициналық жабдықтардың, құрылғылар мен заттардың импорты мен экспорты туралы мәліметтер келтірілген. Бұл тізімде пандемияға дейін өндірілген және қолданылғандар бар, бірақ кейіннен 2020 жылы сәуірде SARS-COV-2 коронавирусымен күресте қолданыла бастаған.
AFP фактчекинг агенттігінің сұрауына берген жауабында Дүниежүзілік банк бұл заттарды Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДСҰ) олардың қозғалысын бақылауды жеңілдету үшін Covid-19 өнімдері ретінде жіктегенін түсіндірді.
«Бұл тізімде Covid диагнозын қою немесе емдеу үшін қолданылатын ондаған нақты медициналық құрылғы, соның ішінде COVID-19 басталғанға дейін болған ӨЖЖ аппараттары бар», – делінген хабарламада.
2020 жылғы қыркүйек айында Дүниежүзілік банк өзінің ресми парақшасында жариялаған мәлімдемеде әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратқа байланысты WITS сайты «шындықты жеткізу үшін жаңартылды: Covid-19 сынақтары 2020 жылға дейін болған жоқ» деген болатын.

WITS жаңартылған бетінде «2018 жылы Covid-19 (300215) тест жиынтықтарын елдерге импорттау»«2018 жылы медициналық тест жиынтықтарын импорттау (300215)» деп өзгертілді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button