Fake News

COVID-19 бумен емделмейді

What ‘ sApp мессенджерінде қазақстандықтар COVID-19 емделу үшін ыстық бумен дем алу ұсынылатыны туралы хабарлама таратуда. Ақпаратта Цельсий бойынша температурасы 70 градус болатын бу вирусты өлтіруі мүмкін делінген. Шын мәнінде, бұл күйік шалуға әкелуі мүмкін.


Дәрігерлер белгісіз себептермен жасырып келген COVID-19 емдеудің жалғыз тиімді әдісі ретінде ыстық бумен дем алу туралы фейк ақпарат өткен жылы наурыз айында желінің ағылшын тілді сегментінде тараған болатын. Сол кезде оны шетелдік фактчекерлер жоққа шығарды.
Бұл ұсыныс COVID-19 үшін мүлдем тиімсіз. Бумен ингаляция жасау мұрын бітелгенде көмектеседі, бірақ тұмау мен жалпы суық тигенде әсер етпейді.
Сонымен қатар, бумен ингаляция жасаған кезде бет пен тыныс алу жолдарының күйіп қалуын болдырмас үшін температураны бақылау қажет. Испан педиатрия ұйымының зерттеуінде балаларды бұлай емдеу ұсынылмайды, өйткені қауіпсіздік ережелерінің бәрі сақталса да, күйіп қалу қаупі жоғары
Бу шыққан ыстық су қайнап, 100 градусқа жеткенге дейін теріні қатты күйдіруі мүмкін. Америкалық күйіктер қауымдастығының хабарлауынша, 60 градусқа дейін қыздырылған су теріге үш секунд әсер еткенде-ақ, бұл хирургиялық емдеуді қажет ететін күйік тудыруы ықтимал.
Қорыта айтқанда, COVID-19 кезінде бумен ингаляция жасау әдісі тиімсіз және қауіпті болып табылады. Егер бойыңыздан КВИ белгілері байқалса, дереу дәрігермен кеңесуіңіз керек.
Аурудың алдын алу үшін мамандар медициналық маска тағуға, қолды сабынмен жиі жууға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға үндейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button