Fake News

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ны екі аптаға тоқтата тұру туралы қауесетті жоққа шығарды

Қазнетте осы жылдың 30 наурызынан бастап бүкіл ел бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру процесі екі аптаға тоқтатылатыны туралы хабарлама тарады. Бұл жалған.

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ағымдағы жылдың 30 наурызынан бастап ҰБТ-ны кейінге қалдыру туралы қауесетті жоққа шығарды.

– Иә, бұл фейк. Біз тек қазір тапсырып жатқандарға ғана, егер олар КВИ жұқтыруы мүмкін деп қауптенсе, ҰБТ-дан бас тарту туралы өтініш жаза алады, біз оларға ақшаны қайтарып береміз. Жалпы, тест тапсырғысы келетіндер оны қазір немесе шілде-тамыз айларында тапсырады, не болмаса, одан бас тартып, ақшасын толық қайтарып алады. Бірақ ҰБТ өткізілмей қоймайды, – деді ол.

Биыл ҰБТ-ның наурыз айындағы кезеңі алғаш рет «бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша электрондық форматта өткізіледі. Тестілеу 10 наурыз – 10 сәуір аралығында ұйымдастырылады. Оған биылғы және өткен жылдардағы орта білім беру мекемелерінің түлектері, шетелдік орта білім беру мекемелерінің түлектері, сондай-ақ алдыңғы тестілеу кезінде ЖОО-ға тегін негізде қабылдау үшін шекті балл жинамаған немесе нәтижелері жойылған адамдар қатыса алады.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button