Fake News

Фейк:«Қазақстандық дәрігерлер адамдардан ақша алу үшін саңырауқұлақты емдемейді»

Желіде Қазақстанда құрамына дәрігерлер де енген «дәріхана мафиясы» бар деген хабарлама таралып жатыр. Бұл жасырын топтың мақсаты – саңырауқұлақты емдемеу, пациенттерді көмекке қайта-қайта жүгінуге, дәрігерлердің қабылдауына баруға және дәрі-дәрмек сатып алу үшін ақша жұмсауға итермелеу. Бұл – фейк.


Қазақстандық дәрігерлер мен фармацевттердің құпия схемасы «әшкереленген» мақала – жалған жарнамалық қадам. Оның мәні — саңырауқұлақ инфекциясынан біржола арылуға болатын белгілі бір препаратты сатып алуға үндеу. Мекемелердің атаулары мен аттары өзгертілген дәл осы мәтін Грузия, Ресей, Қырғызстан және Молдова елдерінде таратылуда.

Фейктің қазақстандық нұсқасында «дәрігерлердің жасырын қастандығын» «Дерматология институтының басшысы, Қазақстан университетінің қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі» Бауыржан Байсеркин ашып айтады. Бауыржан Байсеркин – өмірде бар адам, алайда ол қазақстандық Дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры болып табылады.
Бауыржан Бейсеркин кафедрасын басқарып отырған «Қазақстан университеті» деп аталатын университет елімізде жоқ.
Одан әрі мәтінде саңырауқұлақтар организмде вирус сияқты әрекет етеді, сондықтан оларды бірдей емдеу керек делінген. Бұл олай емес.
Саңырауқұлақтар – эукариоттар – жасуша ядросы бар микроағзалар.
Вирустар – бұл тек жасуша ішінде ғана көбейетін жасушадан тыс инфекциялық агент.
Тиісінше, олар адам ағзасына әртүрлі әсер етеді және әртүрлі емдеуді қажет етеді. Қазақстандық дәрігерлер әртүрлі саңырауқұлақ инфекцияларын емдеу үшін жеткілікті дағдылар мен білімге ие. Сонымен қатар, Қазақстанда учаскелік дәрігерге жүгіну міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық қатысушылары үшін тегін. Демек, дәрігерлерге пациенттерді қайта-қайта оралуға мәжбүрлеудің қажеті жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button