Fake News

Өтірік және манипуляция: «Спутник V вакцинасы шынымен қауіпті»

Telegram және Instagram қолданушылары «Ракова «Спутник V вакцинасы шынымен қауіпті деп айтып қалды» деп аталған роликпен бөлісуде. StopFake.kz Мәскеу мэрінің орынбасары Анастасия Ракова видеода не жайлы айтқанын анықтады.


Instagram-дағы үш минуттық бейне – Анастасия Ракованың Бірінші арнаға берген сұхбаты, ол онда «Спутник лайт» препараты және «Спутник V» мұрынға арналған формасы туралы айтады. Кейіннен бұл жазба әлеуметтік желілердегі хабарламаларда пайдаланылып, оған қатысты пікірлер жазылды. Белгісіз біреу өз ойын айтып, ештеңеге негізделмеген қорытындылар жасайды, мысалы, «вакцинация мерзімі сәтсіз болған сияқты…».

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🙏Правда жизни✊ (@iron.mountain.kz.ru)


Кадрда Анастасия Ракова: «Спутник Лайт» вакцинасы – бұл осы вакцинаның алғашқы компоненті. Олардың құрамы бірдей. Вакцинацияның алғашқы репликациясынан кейін адамда аурудан қорғайтын антиденелер жеткілікті деңгейде қалыптасады деген сенімді болжам бар».
Бұл сөздерден кейін мынадай пікір айтылады: «Әдетте, дәрігерлер клиникалық зерттеулер жүргізеді, ал Ракова «сенімді гипотезаға» сүйенеді.
Айта кетейік, «Спутник V» клиникалық зерттеулерінің нәтижелері вакцинаның ресми сайтында көпшілікке қолжетімді.
Одан әрі Мәскеу мэрінің орынбасары «Спутник V» мұрынға арналған формасына тоқталады: «Шын мәнінде, бұл да сол екі компонентті «Спутник V» вакцинасы, тек қорапқа бір уақытта арнайы саптама-спрей салынады. Оны қарапайым азамат қолдана алмайды. Қарапайымдылығына қарамастан, оны да медицина қызметкері енгізуі керек, ол да екі рет жасалады. Вакцинаның бұл түрі, ең алдымен, жергілікті иммунитетті қалыптастырады. Әрине, оның тиімділігі төмен, бірақ қауіпсіз».
Осы сөздерден кейін ер адам көрермендеріне: «Міне, «Спутник V» стандартты вакцинасы қауіпті екенін айтып қалды», – дейді. Бұл манипуляция, өйткені одан әрі Анастасия Ракова: «сондықтан инъекция салмауға кеңес берілген санаттар үшін осы препарат қолайлы болады» деп түсіндіреді.
Яғни, вакцинаның жаңа түрі қандай да бір себептермен инъекция жасай алмайтын адамдарға арналған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button