Fake News

Манипуляция: «Жаһандық жылынуды тоқтату үшін адамдарды бала тумауға үндейді»

Қазақстандықтар бір баланың туылуынан бас тарта отырып, планетамыздың экологиясын сақтауға елеулі үлес қосуға болатындығы туралы жаңалықты талқылауда. Кейбіреулер мұны әлемдегі қастандықтың дәлелі деп санайды, оның мақсаты жер бетіндегі адамдар санын азайту болып табылады. Бұл олай емес.

Хабарламада 2017 жылы жарияланған зерттеу туралы айтылған. Онда бір бала дүниеге келгенде отбасы баласы жоқ ерлі-зайыптыларға қарағанда, атмосфераға жылына 58 тонна СО2 шығарады делінген.  Сондай-ақ, зерттеуде автокөліктерден, еттен бас тарту, пластик пен суды пайдалануды қысқарту туралы да айтылған.
2017 жылы жазда әлемдік БАҚ чайлд-фри болуға саналы түрде шешім қабылдаған және өз ұстанымдарын, соның ішінде экологияны сақтауға үлес қосуға ниет білдірген адамдар туралы бірнеше мақала жариялады.
Дегенмен, жарияланымдарда бала тууды азайтуға үндеу болған жоқ, кейіпкерлер тек өз көзқарастарын ғана жеткізген.
2020 жылы кәсіпкерлерге ең тиімді қайырымдылық ұйымдарға қаражат бөлуге көмектесетін Founders Pledge ұйымы жаңа есебін жариялады, онда бала туудың экологияға әсері туралы бұрынғы зерттеулер дұрыс емес деп айтылған. Ұйым мамандарының айтуынша, 2017 жылғы мақалада экология саласындағы әлемдік және мемлекеттік саясаттағы өзгерістер мен «жасыл» технологияларды дамыту ескерілмеген. Ал бұл факторлар қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуын төмендетуде шешуші рөл атқарады. Осылайша, ғылым, технология және саяси жүйенің дамуын ескере отырып, мамандар бір баланың дүниеге келуіне орай атмосфераға шығарылатын көмірқышқыл газының ықтимал мөлшерін қайта есептеді. Бастапқы 58 тоннаның орнына жылына шамамен үш тонна шықты.
Қорыта айтқанда, мамандар отбасыларды ата-ана болудан бас тартуға емес, ресурстарды ұтымды пайдалануға және табиғатты қорғауға үндеген. Бала туудан бас тартудың пайдасы туралы жаңалықтар кейіннен қате деп танылған бір ғана зерттеуге негізделген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button