Fake News

Фейк: «SARS-CoV-2 вирусы компьютерде модельденген, ол табиғатта болған емес»

Қазнет пайдаланушылары Sars-CoV-2 вирусы жоқ деген теорияны тағы да талқылауда. Бұл жолы олар пандемия сенімдірек боулы үшін вирус геномы компьютерде модельденген деп жазылған постпен бөлісуде. Бұл жалған.


SARS-CoV-2 вирусы – адам ағзасына әсер ететін және COVID-19 ауруын тудыратын бета коронавирус. Вирус алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында пневмониямен ауырған науқастан нуклеин қышқылын талдау нәтижесінде анықталды.  2020 жылғы 7 қаңтарда қытайлық мамандар вирус геномын ашып, бірнеше күннен кейін оны көпшілікке жариялады.
ДДСҰ веб-сайтында Watson Genomics жетекші ғалымы және IBM-дегі TJ Watson зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Такахико Кояммен хат алмасу негізіндегі SARS-CoV-2 геномдарының нұсқасы жарияланды. Құжатта «таяу шығыс респираторлық синдромының (MERS) коронавирусымен гомологияның тек 50%-ы CoV болса, вирус ауыр жедел респираторлық синдромға (SARS), bat-SL-CoVZC45 және Bat-SL-CoVZXC21 (88% гомология) және SARS-CoV (79,5% гомология) ұқсас екі жарғанат коронавирусымен нуклеотидтер тізбегінің жоғары гомологиясын көрсетті. Енді SARS-CoV-2 деп аталатын вирус құрамында 10 генді кодтайтын 30 килобаза мөлшерінде бір оң тізбекті РНҚ (рибонуклеин қышқылы) бар». Бұдан әрі мәтінде вирус геномын ашып сипаттау процесі егжей-тегжейлі жазылған.
SARS-CoV-2 штаммы біріншісі 1931 жылы анықталған және қазір Acov-Avian coronavirus атауымен белгілі басқа коронавирустардың көпжылдық мутациясының нәтижесі. 
Sars-CoV-2 табиғи жолмен пайда болғаны туралы Nature Medicine журналында жарияланған ғылыми зерттеу де айтылады. Мамандар SARS-CoV-2 пайда болуына әкелген мутациялар тірі организмнен тыс туындауы мүмкін емес деген қорытындыға келді. Осындай мутациялардың бірі вирустың адамнан адамға берілу қабілетін қалыптастырды. Бұрын ол тек жануарларға ғана жұғатын. Вирустың жоқ гендер тізбегінің компьютерлік моделі емес, шынайы екенін SARS-CoV-2-нің микроскоппен түсірілген суреттері де дәлелдейді.
Вирустың компьютерде модельденгені туралы фейк – бұл бұған дейін жоққа шығарылған Sars-CoV-2 зертханада шығарылмағаны немесе зертханада биологиялық қару ретінде жасалғандығы туралы мифтерден шыққан. Вирусологтар, ғалымдар, журналистер және фактчекерлер бұл теорияларды бірнеше рет жоққа шығарған болатын.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button