Fake News

Өтірік және манипуляция: «Қазанда халық жиналысқа басып кіріп, «Спутник V»-дің жанама әсері туралы шындықты анықтады»

Әлеуметтік желі қолданушылары «Sputnik V» вакцинасымен екпе алғандардың 30%-ында жанама әсерлердің белгілері бар деген тақырыптағы видеомен бөлісуде. Бұл туралы Қазанда адамдар жиналысқа «басып кіргеннен» кейін белгілі болған екен. Ролик авторы ұсынған видео мен ақпаратты талдайық.

«Sputnik V» вакцинасы туралы хабарламасы бар Телеграмм сілтемесі арқылы пайдаланушылар 30 жазылушысы бар «New Russia» youtube-арнасына өтеді. 9 минуттан артық видеода жиналыс өтіп жатқаны рас. Шара барысында қосылған бірнеше адам көрінеді. Видео авторының айтуынша, адамдар «жиналысқа басып кірген адамдар вакцинадан болатын өлім мен оның жанама әсерлері туралы бар шындықты білді». Ол ролик барысында болып жатқан оқиғаны түсіндіріп, вакцинация туралы өз пікірімен бөліседі. Бұл манипуляция.
Осы отырыстың, нақтырақ айтқанда, Татарстан Республикасы Қоғамдық палатасының «Вакцинация – 100 және коронавирусқа қарсы вакцинация туралы 1 миф» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің видеосы БАҚ-та да бар. Видеода Қазан Денсаулық сақтау басқармасы басшысы сөз сөйлеп жатқанда біреулердің есік қақққаны естіледі. Келгендердің бірі: «Бәрін жіберіңіздер! Мұғалімдерді, дәрігерлерді, мамандарды!» деп талап етеді. Содан кейін өздерін «Ресей тәуелсіз дәрігерлер қауымдастығының» өкілдеріміз деп таныстырған бірнеше әйел залға шақырылды. Business-gazeta-ның хабарлауынша, бастапқыда ұйымдастырушылармен келісім бойынша дөңгелек үстелге олардың 10 өкілі қатысуға тиіс болған, бірақ іс-шара өтетін күні тізімге 4 адам ғана енгізілген. Қалғандары отырысты онлайн көруге мүмкіндік алды. Бұл екпе жасауға қарсы белсенділердің наразылығын тудырған. Осылайша, «Адамдар басып кірді» деген атау да манипуляция болып табылады.

Енді «Халықтың» «Спутниктің» жанама әсерлері туралы шындықты білуіне тоқталайық. Видеода вакцинаның жанама әсерлері туралы вакцинацияға қарсы белсенділердің өздері айтып жатқанын көруге болады. Олар вакцина алғандар екпе жасатқаннан кейінгі жай-күйі туралы жазған топтағы хабарламаларды қолдана отырып, «сынақтың үшінші кезеңін өз бетінше бағалаған». Белсенділердің сөзінше, «вакцина алғандардың 30%-ында созылмалы аурулар болған». Бұл көрсеткіш контекстен үзіп алынған, одан ары видео авторының түсініктемесінде ол «екпе алғандардың 30%-ында жанама әсерлер» бар деген тұжырымға айналды.
Сонымен қатар, белсенділер, олардың мәліметтері бойынша, вакцина жасатқандардың 70%-ында (еске сала кетейік, әңгіме тек мессенджерде топқа хабарлама жіберген адамдар туралы ғана болып отыр) тұмауға ұқсас белгілер болған – буындары ауырған, 80-нен астам адамда дене температурасы көтерілген.

Бұл жорамалдарға қатысты Қазан мемлекеттік медицина университетінің эпидемиология кафедрасының меңгерушісі, профессор, медицина ғылымдарының докторы Гүлшат Хасанова пікірін білдірді: «Классикалық вакциналарға келетін болсақ, вакцинацияның жанама әсерлерінің 95 пайызы екпе алғаннан кейінгі бір ай ішінде байқалады. Мұндай тәжірибеде болған. Сондықтан біздің де, шетелдік те сарапшылар вакцинадан қауіпті жанама әсерлер болмайды деген қорытындыға келді».
«Спутник V» вакцинасының тиімділігін зерттеу нәтижелері салыстырмалы халықаралық бағалаудан өтті. Жиналған мәліметтер Lancet журналында жарияланды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button